2 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жаңа веб-сайты іске қосылды. Веб-сайтқа http://senate.parlam.kz/ сілтемесі арқылы кіру керек.
Жаңартылған ресми сайт арқылы сенаторлармен байланыс жасау мүмкіндігі кеңейді. Сенат депутаттарының жеке парақшаларында өтініш не қызықтыратын сұрақтарды қалдыруға болады. Заң жобасын ұсыну айдарында кез келген азамат тұрақты комитеттердің қарауына заңдарды ұсына алады.
Сондай-ақ, порталда маңызды құжаттар, заң жобалары, стеннограммалар толығымен жарияланды. Депутаттық сауалдар мен палатаның ұсыныстарын бөлек айдардан көрудің де мүмкіндігі бар.
Сенаттың пленарлық отырыстары, комитет жиындары мен басқа да іс-шаралары тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Сайт арқылы Сенаттың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына да өтуге болады.