ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЫ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Вторник, 10 Сентябрь 2019 08:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1863 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігі туралы мәлімдеген болатын. ҚР Президенті тарапынан елімізде алғаш рет дарынды жастар қатарынан іріктелген азаматтарды басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр. Бұл бастаманың бас үйлестірушісі – ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

 

Осыған орай 1 қыркүйектен бастап жас қазақстандықтар резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалу мақсатында онлайн платформа арқылы өтінімдерін жолдай бастады.

 

 

kadr 2

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мамандары Арбат демалыс аймағында «Президенттік жастар кадр резервіне» үміткер азаматтарға толық ақпарат ұсына отырып, құжаттарды онлайн платформаға енгізу бойынша көрнекі кеңес берді.

 

 

kadr 3

 

 

Іріктеу барынша ашық өтеді, оған жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады.

 

Резервке қосылуға ынталы азаматтар үшін бірнеше кезеңнен өтуі қажет:

* Кандидаттардың теориялық білім­дерін тестілеу;

* Көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқа­ра­сын, үміткерлердің уәждемесі мен құн­дылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту және бағалаудың басқа да құралдары);

*ҚР Президенті Әкімшілігінің Сарап­шылық комиссиясында әңгімелесу;

* ҚР Прези­ден­ті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қарау.

 

Департамент басшысы Көмекбаев Әли Амантайұлы болашақ басшы жастармен кездесіп, олардың еліміздің дамуында шешуші рөл ойнайтын және ілгерілеудің қозғаушы күші саналатындарын айтып, пікір алысты.

Последнее изменение Среда, 11 Сентябрь 2019 05:06
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.