ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Вторник, 10 Сентябрь 2019 09:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2109 раз

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының әкімдігімен бірге Арбат демалыс аймағында мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесін өткізді.

 

 

Жәрмеңкеде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына халықпен қанағаттану деңгейін өлшеу мақсатында «Цифрлық агент» (Digital agent) мобильді қосымшасын және азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде  электронды қызметтерді кеңінен насихаттау бойынша кеңес берілді.

 

 

 

kadr 1

 

 

 

Жәрмеңкені ашқан Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында халықпен тиімді байланыс орнатуды қолға алуды тапсырғанын атап өтті. Халыққа сапалы қызмет ету нысаны өркениетті мемлекет құру екенін түсіндірумен қатар осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, әр қатысушыға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді.

 

 

Акцияға қала әкімдігінің басқармалары, көші-қон салаларының уәкілетті өкілдерімен қатар ХҚКО мен Тұрғын үй құрылысы-жинақ банкінің жауапты мамандары да қатысты.

 

 

 

kadr 4

 

 

 

Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі туралы насихаттық жұмыстар жүргізілді. 

Последнее изменение Вторник, 10 Сентябрь 2019 09:08
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.