Оңтүстік Африка республикасы елшісімен кездесті Избранное

Среда, 11 Сентябрь 2019 05:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2181 раз

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюспен кездесті.

африка апай

Кездесу барысында қос тарап өзара мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен қарым-қатынасты дамыту жайын талқылап, серіктестік жобалар мен ортақ мүдделерді сөз етті.

Оңтүстік Африка Республикасымен өзара ынтымақтастықты күшейту – еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтқан қала әкімі мегаполисте инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын және түрлі бағыттар бойынша әріптестік байланысты дамытуға ықыласты екенін жеткізді.

Мәртебелі мейман Қазақстан мен ОАР арасында достық қатынастың беріктігін, осы байланысты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, елші туризм саласы мен тамақ өнеркәсібі бағытында бірлескен ортақ жобаларды іске асырудың мүмкіндіктерін айтты.

«Шымкент қаласы тамақ өнеркәсібін дамытуға қолайлы аймақ, өйткені мұнда көкөністер мен жемістер жеткілікті. Сондықтан Шымкентті Кинг-Таун секілді тамақтың астанасы етуге болады»,-деді Кийтуметци Мэттьюс.

Туризм саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға Шымкент қаласының мүдделі екенін айтқан қала әкімі ұсынылған жобалар бойынша әкімдік тиісті жұмыстарды жүргізуге әзір екенін мәлім етті.
Кездесу барысында білім мен ғылым саласында тәжірибе алмасу мәселесі де сөз болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.