ШЫМКЕНТТЕ «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Четверг, 12 Сентябрь 2019 09:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 78 раз

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы базасында Парасаттылық мектебінің лекторлары парасаттылық қағидатын қалыптастыру бойынша арнайы оқудан өтті.

 

«Шымкент – адалдық алаңы» лекторлық пулы мемлекет пен қоғамның түрлі салаларының өкілдерінен құрылған. Оның басты мақсаты – халық арасында парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

 

 

parasat 1

 

 

Оқудың ресми ашылуына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Жолдыбаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры А.Есенгельдина, «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев қатысты.

 

Тренингті Департамент және Академия филиалының, «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері жүргізіп, оқыту барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобалар туралы әңгімеледі, оларды іске асырудағы тәжірибелерімен бөлісті.

 

 

parasat 2

 

 

 

Тренинг қорытындысымен лекторлық пулдың құрамына енетін 50 белсенді азамат алған білімдерімен қаланың барлық мақсатты топтары арасында бөлісіп, адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарына үйретеді.

Последнее изменение Четверг, 12 Сентябрь 2019 09:16
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.