Версия для печати

Электрондық үкімет «Электрондық үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдардың басын бірік¬тіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін бі

Среда, 18 Сентябрь 2019 11:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2592 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елімізде электронды үкімет құру идеясын Мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бә¬секеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында білдірген болатын. 2004 жылғы 10 қарашада электронды үкіметті ендіру туралы «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Президент Жарлығымен бекітілді.

Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу жоспарланған болатын:

Электрондық үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңінде – ақпараттарды жариялау және тарату.

Екінші кезеңі - мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына тікелей және қайтармалы жолды интерактивті қызмет ұсынады.

Үшінші кезеңде - қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету.

Төртінші кезеңде - ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру.

Бағдарлама 2005 жылы іске қосылып 2 жыл ішінде е-үкіметтің инфрақұрылымы қалыптастырылып, базалық құрамдас бөліктері құрылды: веб-портал және шлюз, ведомствоаралық электрондық құжат айналымы, куәландырушы орталықтары, бірыңғай көлік ортасы.

Сонымен қатар, 2007 жылы бүкіл ел бойынша бірыңғай тізілімге біріктірілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры тұрақты пайдалануға енгізілді. Веб-портал арқылы мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтері іске асырылды.

2007 жылы электронды үкіметті дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымын және қол жеткізу тетіктерін кеңейту және дамыту мақсаттары алға қойылды, мемлекеттік басқарудың және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерінің сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында электрондық үкіметтің құрамдас бөліктерін дамыту.

«Электрондық үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар он-лайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс.

Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Мысалы, «Білім» бөлімінен білім заңдылықтары, елдегі алдыңғы қатарлы оқу орындары, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін және қазақстандық ЖОО-ның Интернет-ресурстарына арналған пайдалы сілтемелерді, білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік органдар туралы толық ақпарат таба аласыз.

Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайаланушыларына мемлекеттік органдардың әртүрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Қазірдің өзінде ұзақ кезекте тұрып, уақытты босқа өткізбей-ақ мемлекеттік анықтамалар алуға болады – көп нәрсені өз компьютеріңіздің алдында отырып бітіруге болады. Бүгінгі күнге дейін «электрондық үкімет» порталында әділет, білім, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сонымен қатар Жоғарғы сот пен Салық комитетінің 74 интерактивтік қызметтері көрсетіледі. 2014 жылға қарай «электрондық үкімет» шеңберінде барлығы әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтердің жартысынан көбін виртуалды формаға ауыстыру жоспарлануда.

Порталдағы электрондық қызметтерді пайдаланбас бұрын жаңа пайдаланушы ретінде порталға тіркелу қажет: пайдаланушы келісімімен танысып, жеке идентификациялық номерді (ЖИН) енгізіп және кілтсөзді ойластыру керек.

«Электрондық үкімет» арқылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтердің тізімінде көптеген тармақтар кілттің суретімен белгіленген. Демек, бұл қызметке ие болу үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс. Тиынның суреті бар белгі бұл қызметке ҚР Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеу қажеттігін білдіреді.

2011 жылы порталға 5 жыл толды. Осы аздаған уақыт ішінде порталдың қалыптасуы ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық үш кезеңді басынан өткерді, порталда интерактивтік сервистер саны мен қызмет түрі өсті, онлайн төлемдер мен айыппұлдар төлеуге мүмкіндік ашылды. «Электрондық үкімет» дамуының игі нәтижесі ретінде, БҰҰ-ның рейтингіне сәйкес, Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің құрамына кіріп, мүмкін болатын 192-нің 46–ы орында тұр.

 

Қаратау ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы С.Нуримбетова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.