Қазыналы қария – телегей-теңіз дария Избранное

Среда, 02 Октябрь 2019 05:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3194 раз

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Оңтүстік» қабылдау үйінде ардагерлерге құрмет көрсетілді. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қарияларды мерекемен құттықтап, бірқатар ардагерлерді Алғыс хатпен марапаттады.

71227317 2797371873606140 6474717212228714496 o

Бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетілді. Іс-шарада қала әкімі ҰОС ардагерлерімен және ел ағаларымен сұхбаттасып, әлеуметтік мәселелер бойынша пікір алмасты.

– Біз – қариясын қадірлеген халықпыз. Бүгінде бұл дәстүр жаңғырып, жалғасып келеді. Салт-дәстүрді ұрпақ бойына сіңдіруде қазыналы қарттардың еңбегі өлшеусіз. Қарияларды бір күн ғана құрметтеп қоймай, жыл бойы жақсылық істеуіміз қажет, - деді қала әкімі.

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев та ізгі тілегін жеткізіп, бірқатар ардагерге мәслихаттың Алғыс хатын табыс етті.
Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай да құттықтауын жеткізіп, мағыналы әңгіме өрбітті.

Мерекелік басқосуда рухани әндер шырқалып, тағылымды уағыз айтылды.

Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында 80 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Олардың ішінде 46-сы Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 4131 тыл еңбеккері бар.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.