Версия для печати

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Среда, 09 Октябрь 2019 03:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3414 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша қалалық ақпараттық-насихаттық топ дәрігерлермен кездесті. Қалалық №2 ауруханада өткен іс-шарада Жолдаудың басым бағыттары талқыланды.

 DSC5604

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың саясаттану пәнінің оқытушысы Қайрат Бименов, «Нұр Отан» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жандос Қамбарбеков Жолдаудың басым бағыттарын талдап берді.

Басқарма басшысы елімізде әлеуметтік салаға маңыз беріліп отырғанын, Жолдау аясында атқарылар жұмыстардан хабардар етті. Саясаттану пәнінің оқытушысы Қайрат Бименов ұлттық имммунитетті қалыптастыру, жаhандану дәуірінде жалған ақпараттың жетегіне ермеу туралы мағыналы ойлар айтса, Жандос Сатыбалдыұлы өз баяндамасында әлеуметтік сала қызметкерлері жауапкершілікті сезінуі тиістігіне назар аударды.

Жиында мекеменің бас дәрігері Сәрсен Пернебеков Жолдауға сәйкес, медициналық көмектің қолжетімділігі артып, медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі саладағы зор жетістік екенін мәлімдеді. Сәрсен Махамбетұлының айтуынша, таяу уақытта мекемеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи оңалту орталықтары ашылмақ.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.