Қоқысты қайда тастап жүрсіз? Избранное

Среда, 09 Октябрь 2019 03:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3642 раз

Күзгі маусымда қураған ағаш жапырақтары арық-атызға төгілетіні бар. Әл-Фараби ауданы бойынша ауладағы ирригациялық жүйелерді осындай жапырақ үйінділері мен қоқыс қалдықтарынан тазарту мақсатында сенбілік өтті.

45641111

Сенбілікке Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, қоқыс тасымалдаушы «ОрионНовТех» ЖШС және мердігер мекемелердің жұмысшылары жалпы 287 адам қатысты. Сондай-ақ, қалалық коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасының қолдауымен барлығы 17 техника жұмылдырылып, 4 шақырым ирригациялық жүйе қоқыс қалдықтарынан тазартылды. Арық-атызды күзгі жапырақтан аршып алудан бөлек, сенбілік барысында тұрғын үй аулаларынан тұрмыстық қатты қалдықтарды да жинауға тура келеді.

Бұл орайда аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов сенбілік жұмыстары тұрақты жалғасын табатынын айтты.

– Сенбілікті тұрақты түрде жалғастыру арқылы аудан-қала тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға шақырсақ дейміз. Мақсат – экологиялық және санитарлық мәдениетті қалыптастыру. Жалпы, мәдениет тұрғысынан айтсақ, тұрғын үй аулаларындағы қоқыс жәшігіне басқа жақтан қоқыс әкеліп тастайтындар да жоқ емес. Келісімшартта көрсетілмеген артық қоқысты тастаған әрбір азамат осы салада қызмет ететін замандастарымыздың еңбек құқығын бұзғанын түсінсе екен, – дейді аудан әкімі.

2017 жылы Елордамызға әлемнің түкпір-түкпірінен экосаяхатшылар келіп, қоршаған ортаны түрлі зиян мен залалдан қорғайтын идеяларға куә болды. Ал 2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасына айналады. Біз осы 3 жылда экологиялық мәдениетке қаншалықты бет бұрдық? Бұған сырт көз – сыншы, уақыт – төреші.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.