«Бақытты отбасы» болудың бағыты қандай? Избранное

Пятница, 11 Октябрь 2019 04:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1272 раз

Шымкентте Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру аясында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды жинау мен зерделеу мәселелері жөніндегі республикалық сараптамалық топтың жұмысы басталды.

505

 

Екі күндік сапар аясында қаладағы отбасылар мен балалар үшін әлеуметтік қызметтерді дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын енгізу, көпбалалы аналарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, оқыту, балаларға тегін қосымша білім беру, балабақшаға орналастыру мәселелері талқыланады.
Республикалық Кеңестің жұмыс тобы мүшелерінің отырысына қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр, Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, партия жанындағы балалар құқықтарын қорғау Кеңесі төрағасының орынбасары Динара Зәкиева қатысып, әлеуметтік жағдайды талқыға салды. Жиында алдымен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ішкі істер басқармаларының есептері тыңдалып, қаладағы балалардың жағдайы туралы статистикалық мәліметтер және балалар мен отбасыларды қолдау бойынша іске асырылатын жобалар талқыға түсті.
– Республикалық жұмыс тобының үшінші отырысы өтуде. Біз нақты ұсыныстарды дайындап, сараптауымыз керек. Мәселен, қалада оңалту орталықтары жетіспейді. Оңалту орталықтарында мамандар да тапшы. Алда мемлекеттік тапсырыс аясында жекеменшік орындарды ашу керек екенін бағамдап отырмыз. Жалпы отырыста осындай нақты ұсыныстар айтылуы керек, – деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Nur Otan партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің жұмыс тобы Шымкент қаласында 10-11 қазан аралығында жұмыс істейді. Республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Болатқызы, негізінен, отбасылардың қаржылық жағдайын жақсарту, балалар үшін қауіпсіз ортаны құру, жұмыспен және қосымша біліммен қамтамасыз ету және учаскелік қызметтерді, учаскелік инспекторлардың, дәрігерлер мен мектеп психологтарының жұмысын дұрыс үйлестіру қажет екенін атап өтті.
Сапар аясында балалар өмірінің барлық салаларын – отбасы, мектеп, мектепке дейінгі мекемелер, ойын алаңшаларын зерделей отырып, «Бақытты отбасы» Жол картасына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүйелі іс-шаралар ұсынылмақ.
Республикалық кеңес мүшелері «Бақытты отбасы» жобасы аясында қаладағы бірқатар әлеуметтік-медициналық орталықтардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.