Пошта мерекесі баспасөзге жазылудан басталды Избранное

Пятница, 11 Октябрь 2019 04:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3342 раз

9 қазан - Дүниежүзілік пошта күніне орай үшінші мегаполисте жазылушылар күні өтті. «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы алдында оқырмандар мерзімді басылымдардың өкілдерімен танысып, «Баспасөз-2020» науқанында газет-журналдарға жазылуды бастады.

510

 

Мерекелік шарада «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры Ысқақ Бақытжан өңірдегі мерзімді басылымдардың басшыларын құттықтап, Алғыс хаттарымен марапаттады. Ал редакторлар өз кезегінде пошташыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын тарту етті.
Шараға келушілерге мерзімді басылымдардың көрмелік стендтері мен жаймалары ұсынылды. Дәл осы күні оқырмандар газет-журналдарға 15 пайыздан 50 пайызға дейінгі жеңілдікпен жазылуға мүмкіндік алды. Келушілер жаңа басылымдармен танысып, газет-журнал қызметкерлерімен, белгілі қаламгерлермен жүздесіп, ризашылықтары мен ой-пікірлерін жеткізді. Сонымен бірге дәл осы жерде рәсімдеген басылымға жазылу қағаздары бойынша ұтыс ойындары өткізіліп, жеңімпаздар түрлі заттай сыйлықтарға ие болды.
Қазақстанда ресми пошталық байланыс бөлімшесі алғаш рет 1860 жылы Верныйда (Алматы қаласы) ашылды, ол көп ұзамай пошта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылған. Ал байланыс саласынан бөлінгелі биыл 26 жыл толып отыр.
Айта кетейік, пошта және редакциялар арқылы 52 басылымға жазылуға болады.