ЖАҢА ЖЫЛДАН – ЖАҢА МОДЕЛЬ Избранное

Пятница, 11 Октябрь 2019 04:56 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4391 раз

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға жәрдемақы көбейіп, табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек беру тәсілі өзгереді.

503

 

1. АӘК 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалай өзгереді?

Атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, отбасында:
4 баласы бар отбасыларға – 42500;
5 баласы бар отбасыларға – 53 125;
6 баласы бар отбасыларға – 63 750;
7 баласы бар отбасыларға – 73 375 теңге
көмек тағайындалады.

511

512

2. Қазақстандағы әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдерді кім алады және қандай мөлшерде беріледі?

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
4 баласы бар отбасыларға – 42 500;
5 баласы бар отбасыларға – 53 125;
6 баласы бар отбасыларға – 63 750;
7 баласы бар отбасыларға – 73 375 теңге көмек
тағайындалатын болады.

3. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған форматына өтініштерді қабылдау қашан басталады? Қай мекемеге жүгіну қажет?

Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Егер отбасы ауылдық жерде тұрса – кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінеді.

4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қандай құжаттар қажет?

Өтініш беру және сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет. Бұл ретте, өтінішті сәйкестендіру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (төлқұжаты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), ал оралмандар үшін – оралман куәлігі болуы тиіс.

5. Жәрдемақыны толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе?

Жоқ, міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес.

6. Көп балалы отбасыларды қолдау бойынша тағы қандай шаралар бар?

Көп балалы аналарға өз бизнесін ашу үшін жеңілдікпен микро кредит және қайтарымсыз гранттар беріледі.
Көп балалы отбасыларды шағын және кіші, соның ішінде үйде бизнеске тарту құралдарын ендіру бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізіледі.
- микрокредит мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту;
- үстемақының номиналды жарнасын 4%-ға дейін төмендету;
- тұрып жатқан жеріне қарамастан (қала / ауыл) берілетін микрокредит сомасы бойынша шектеулерді алып тастау;
- аз қамтылған және көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту бойынша нысаналы индикаторын бекіту (микрокредит, грант беру).
Сонымен қатар, аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет енгізіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.