Жалпы республикалық «Адалдық сағаты» Семинары өтті

Среда, 16 Октябрь 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3647 раз

      Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2019 жылдың 15 қазанында басқарма қызметкерлерімен және Шымкент қаласы бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының уәкілінің қатысуымен «Адалдық сағаты» семинары өтті.

Семинарда төрт негізгі құндылық жайлы айтылды.

1. Адалдық- «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи», «Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ».

2. Парасаттылық- «Бақыттың мәні- парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуіңде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында». «Өмірде ең бастысы - адамдық парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық».

3. Әділдік - «Кімде - кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ».

4. Сенім - бұл бір ұлы күш. Сенімге ие болу – өмірді мәнді етеді».Осы құндылықтардың әрбір адамзаттың бойында болуы жайлы және Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын-алу шаралары туралы түсіндірілді.

 

 

                                                   Еңбекші ауданы бойынша

Мемлекеттік басқармасы

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.