Версия для печати

Шымкентте құтқарушылар күні салтанатты түрде атап өтілді

Понедельник, 21 Октябрь 2019 04:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2385 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

19 қазан - Құтқарушылар күні қарсаңында "Көрме" орталығында салтанатты іс-шара өтті. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, іс-шара қонақтары мен ардагерлері қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

 

 

72734893 2340117786301174 5193769789159374848 n

 

 

Мерекелік жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Г.Құрманбекова, Nur Otan партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов қатысып, төтеншеліктерді төл мерекелерімен құттықтады. Олардың қажырлы еңбегін, батылдығын және батырлығын атап өтті. Шымкент қаласының әкімі Е.Айтахановтың атынан өрт-құтқару спортының үздік спортшыларына, ТЖД қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етілді.

 

Салтанатты іс-шара барысында Ж.Шанин атындағы театр актерлері батыр Бахыт Алпысбаевтың қаза тапқаны туралы сахналық көріністі көрсетті. Бұл көрініс залда ешкімді немқұрайлы қалдырмады.

 

72451583 2340117679634518 4402914216583888896 n

 

 

Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Е.Бахаев жеке құрамға және ардагерлерге Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың құттықтауын жеткізді және Министрлік пен ТЖ комитеті басшылығының атынан медальдар, төсбелгілер, құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті.

 

73357286 2340118139634472 2049950902122446848 n

 

 

Салтанатты жиын Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның және қалалық №1 балалар саз мектебінің шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Последнее изменение Понедельник, 21 Октябрь 2019 04:46
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.