Версия для печати

Атқарылған жұмыстар таразыланды Избранное

Среда, 23 Октябрь 2019 04:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2380 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің конференциясында Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» атқарушы органының және тексеру комиссиясының есебі, үйлестіру кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.

551

 

Жиынға ҮЕҰ басшылары мен өкілдері, қалалық ішкі саясат және дін істері, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармаларының өкілдері, партия өкілдері қатысты. Шымкент қаласы «Азаматтық Альянсының» президенті Жұмағали Білісбеков жылына бір рет өтетін конференцияда ҮЕҰ-мен бірігіп қандай жұмыстар атқарылғаны нақты айтылу қажеттігіне тоқталды.
Конференцияда «Азаматтық Альянсының» атқарушы директоры Юсуп Арзыханов атқарушы органның есебін баяндап берді. Оның айтуына қарағанда, 2018-2019 жылда ҮЕҰ жұмыс жүргізуіне жағдай жасау, ресми сайт және әлеуметтік желілерде парақша ашу, әдістемелік көмек көрсету, шығармашылық және қаржылық есеп жөнінде кеңестер беру бойынша іс-шаралар жоспарланған. Бүгінде барлық жоспарлы жұмыстар орындалған.
Қазір мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күнделікті берілетін қаржы көлемін арттыру керек. ЖИТС-ке шалдыққан балаларға арналған әлеуметтік жоба қазіргі таңда тұрақты емес. «Балаларды ЖИТС-тен қорғайық» қайырымдылық қорының төрайымы Жанетта Жазықбаева қала әкімдігіне осындай ұсынысын жеткізді. Оның айтуына қарағанда қалада мүмкіндігі шектеулі балалар мектепке, балабақшаға баруда. Кейбір ЖИТС-ке шалдыққан азаматтар отбасын құрып, дүниеге дені сау ұл-қыздар келіп жатыр. Бұл – зор жетістік.
Сондай-ақ, жиында алда стратегиялық жоспар жасау, ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыру бойынша тренерлер командасын қалыптастыру маңызды екені айтылды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.