Іс-шара ескерткіш монументтің ашылуы салтанатымен басталды. Жазушы Қабдеш Жұмаділов, мемлекет және қоғам қайраткерлері Орынбай Рахманбердиев, Анарбек Орман, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев тарихтан сыр шертіп, батыр бабалардың есімін ұлықтаудың маңыздылығын атап өтті. Тарихи-сахналық көрініс қойылып, соңы концерттік бағдарламаға жалғасты. Салтанатты жиынға ән шашу ретінде белгілі әнші Тамара Асардың орындауында Анарбек Орман мен композитор Қалдыбек Құрманәлінің жазған «Менің бабам» әнінің тұсауы кесілді Жиылған жұртқа арнайы тігілген ақ шаңқан киіз үйлерде баба рухына арналып ас берілді.
Жиын соңы ұлттық спорт түрлері – қошқар көтеру, арқан тарту, кір тасын көтерумен жалғасын тапты.