Журналистер жетекшісі – ШЫМКЕНТТЕ Избранное

Пятница, 25 Октябрь 2019 04:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2653 раз

Шымкент қаласына Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев келді. Одақ төрағасы Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиал басшыларымен, Одақ мүшелерімен кездесті.

608

 

С.Матаев «Шымкенттіктер байыса, газет ашады» деген әзілімен оңтүстіктегі әріптестерге деген ерекше ықыласын жасырмады. Ресейде туып-өскен ол Қазақстанға келгенінде жанында шымкенттіктердің жүргенін, олардан көп тәжірибе алғанын айтты. Осы өңірдегі әріптестерінің жарқын мінезі мен ақ көңіліне алғысын білдірді.
– Журналистикада мемлекеттік қызмет немесе жекеменшік деген түсінік болмайды. Біз елдікті ту еткен саланың адамы болғандықтан, кейде түрлі қиын жағдайды да бастан кешеміз. Дегенмен, сол сын сағатта бізді осы мамандыққа деген адалдығымыз құтқарады. Өмірдегі ең қымбат нәрсе - дүние-мүлік, байлық, қызмет емес, адамның ары мен абыройы екен, - деді Сейітқазы Бейсенғазыұлы.
Журналистер Одағы төрағасының сөзін Шымкент қаласының ардагер журналисі Байдулла Қонысбек жалғады.
– Елімізді көптеген одақ бар, бірақ, соның ішіндегі қоғамда белсенділігімен көзге түсіп, лайықты қызмет етіп келе жатқан Журналистер Одағы екенін мақтанышпен айтуға болады. Менің әріптестерімнің, ізбасарларымның шеберлігі мен білімпаздығының нәтижесінде қоғамдағы көптеген мәселе шешімін тауып жүр, - деді Б.Қонысбек.
БАҚ өкілдерінің басқосуына қатысқан «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов бүгінде журналист-блогерлермен тығыз байланыста түрлі бастамалардың қолға алынғанын айтты. Сондай-ақ, биыл «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған комиссия мүшелігіне журналистер тартылғанын, БАҚ өкілдері үшін арнайы алаң ашылғанын баяндады.
Ал Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығының директоры Бекен Қоныс кез келген БАҚ өкілінің ақпарат алуына жағдай жасалғанын айтты.
Журналистер қауымы бұдан кейін қоғамдық мәселелер, мемлекеттік бағдарламаның орындалуы, өңірлердің дамуы және «БАҚ туралы заң» мен «журналистерге статус беру» тақырыбында қызу пікір алмасты.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.