Өндірістік бақылау – сапалы көрсетілетін қызмет кепілі

Пятница, 18 Октябрь 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2399 раз

Әрбір өзін-өзі сыйлайтын кәсіпорын басшысы, үлкен немесе ұсақ бизнесті басқарса да, өз ісін репутациясын ойлағаны жөн. Демек, оны, шығаратын өнім сапасы да, еңбектенуші ұжым мен оның өндірістік аймағының таяу мекендеген халық денсаулығы қобалжытуы тиіс. Кәсіпкерлердің адам мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін және өндіріс зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістік әрекеттердегі қауіп-қатерлерді анықтау мен жоюдың , санитарлық ережерлерді сақтауды қоса алғандағы жұмыстары мен қызметтері, зертханалық зерттеулер мен өнімді сынақтар өткізуінің барлық шаралар жинағы өндірісті бақылау шараларының комплексіне кіреді. Әрине, ауқымды жұмыстар атқаруға шамасы бар жеке зертханаға және жоғары санатты мамандарға ие болу, әрбір кәсіпкердің мүмкіндігіне сай келе бермейді. Сондықтан, біздің ұжым барлық нормативтердің талаптарына сәйкес толық көлемде түбегейлі шешіп береді: кәсіпорынның өнімі қоршаған ортаға қауіпсіз және жұмыс жасаушы адамдардың денсаулығына зиянсыз екендігін растайтын зерттеу хаттамасын ұсынады. Яғни, біздің мамандар «әлсіз жақтарды» анықтап ғана қоймай, жағдайды оңтайландырудың нұсқаларын ұсынады. Бұған және де жұмыс орнының аттестациясы кіреді. Ол өз ретінде жұмыс жағдайының санитарлық ережелер мен Еңбек кодексіне сәйкестілігін анықтауға және , әрине, түсінік пен ұсыныс алуға мүмкіндік береді.

Ал егер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы » Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193 - IV Кодексінің 90 бабы, 4 тармағы, 4 тармақшасында «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті» делінгенін ескерсек, бұл өндірістік бақылау жұмыстарының заңды талап екенін айрықша атап көрсеткіміз келеді.

Әрбір сатуша мен өнім шығарушы сатып алушы тек оның тауары мен қызметін таңдап алғандығын қалайды. Мұндай жағдайда мынадай сұрақ туындайды: өз пайдасы үшін тұтынушының таңдау жасауына қалай үгіттеуге болады, қанша дегенмен, таңдау көп қой. Табысты кәсіпкерлер ең басты қару - сапа кепілі екендігін әлде қашан түсінген. Сондықтан, бізге қәзір барлық қажетті зерттеулерді жүргізіп, зерттеу хаттамасын алу үшін негізінен кез келген өнім (тағамдық, өндірістік) шығарушы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жүгінеді. Өйткені, өнімнің еліміздегі барлық талаптары мен нормативті құжаттарға сәйкестілігін дәлелдейдін зерттеу нәтижесі ғана сапа мен қауіпсіздік кепілі болып табылады. Бұл шетелден келетін тауарларға да қатысты, себебі енді бар жауапкершілікті реализатор өз мойнына алады. Өйткені ол тауарды сатпас бұрын бізге сынама үлгілерін әкеліп, оның қауіпсіздігіне көз жеткізіп, сауда жасауға рұқсат алады. Оны айналып өту мүмкін емес, себебі декларация да жүргізілген сараптама негізінде беріледі.Ал біздің зертханаларда жоғары санатты мамандар мұны сапалы етіп жасайды да, егер ешқандай күдік туындамаса, кәсіпкерге декларация алуға қажетті зерттеу хаттамасын ұсынады.

Әрқайсымыз өз денсаулығымыз бен балаларымыздың денсаулығын ойлап, қоғамдық тамақтану орындарындағы, шаштараздағы, мектептер мен бала-бақшадағы салғыртттықтардан басымызды қатерге тіккіміз келмейді. Сол себепті мектеп асханалары тағам сапасын, тамақ дайындау жағдайларының санитарлық талаптарға сәйкесітігін үнемі бақылап отыруы қажет. Сонымен қатар бала-бақшалар да мектеп жасына дейінгі балаларға өз мекемелерінде жасалған жағдайдың санитарлық талаптарға сәйкесітігін,тамақтарының сапасын, құнарлығын өз тарапынан қадағалап отыруы қажет. Заң талабы осындай. Ол үшін аталған қызметтерді жүргізуге біздің мекемемен келісім шартқа тұрып атқаруы қажет. Сонымен қатар Қазақстанда осындай салада жұмыс жасайтын мамандарды жүйелі түрде медициналық тексеруден өткізу (бактерия тасымалдаушылыққа, гельминт жұмыртқаларына, стафилакокқа) және тағы да басқа тексерулер мен санитарлық техникалық минимумдер өткізу қолға алынып, тиісінше медициналық кітапшасының болуы аталған Заңда және соған сәйкес нормативтік құжаттарды талап етілген. Мұндай санат өкілдері өз денсаулықтарын тексеріп, жайбарақат жұмыстарын жасау мүмкіндігіне біздің орталыққа келіп те ие бола алады. Оның үстіне, жеке дара да, мемлекеттік сатып алу аясында ұжыммен бірге де келуге, яғни өз уақытын үнемдеуге мүмкіндігі бар. Заманауи медициналық қаралу жеке денсаулыққа кепілдік ғана бермейді, сонымен қатар, өз ұжымының беделін қорғап қалуға және қауіп қатердің мейлінше төмендеуіне себепкер болады. Былтырғы 2018 жылдың қорытындысы бойынша ауданда өндірістік бақылау мен 41 субьект қамтылды. Атап айтқанда 23 бала-бақша, 1 су мекемесі (таза су) 1 аудандық аурухана, 2 жеке меншік клиникалар (Олимп, Ай-Фарма), 3 – мектеп интернат, 1 колледж, 1 кондитерлік цех (Асем-Гаухар) пен 1 шұжық цехы (Қарқын 2030 ЖШС) және тағы басқалар. Бұл мекеме басшылар Заң талаптарын дұрыс түсініп, өздері өндіретін өнімдері мен көрсететін қызметтерінің сапасын қадағалап отыр. Аудандағы қалған мекеме басшылары да осындай көрегендік танытады деп үміттенеміз.

Біздің мамандар жыл сайын өз санаттарын жоғарылатады, ал зертханаларымызға облыс аймағында тең келетін бәсекелес жоқ. Өйткені, біздің ұжым мемлекеттік болғандықтан, материалдық-техникалық базамыз (құрал-жабдықтар мен қондырғыларымыз) үнемі жаңартылып тұрады да, жасақталу нәтижесі барлық заманауи талаптарға сай келеді. Біздің филиал Қазақстан Республикасының аккредитация жүйесінде МЕСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкестілігіне аккредитациядан өткен.

 

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «ҰСО» ШЖК РМК

Түркістан облысы бойынша

директоры А.Әбдіразақов

Последнее изменение Пятница, 25 Октябрь 2019 10:17
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Әулет Катяның қояндары »