«Мемлекеттік тіл және рухани жаңғыру»

Пятница, 25 Октябрь 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2850 раз

«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді, – деп жазады Президент. – Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр». Әлемдік өркениет көшінде әрбір ұлт өзінің барлық құндылықтарын, әсіресе тіл деген ұлы байлығын шама келгенше қорғап, сақтап жолында. Ұлттық сананың қалыптасу жолында, өткен тарих көшіндегі өнеге-ғибраттарды сақтау арқылы біз қазіргі аласапыран заманда ұлттық тілімізді қорғай аламыз. Өйткені жұлымыр уақыт, аласұрған кеңістік пен жаһанданған құбылыстардың қауіп-қатері барған сайын күшейіп отырғанына көз жетеді. Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды.

Жаһанданудан тыс қалу мүмкін болмаған заманда оған қарсы жүру – кездескен қиындық атаулыны тез еңсерудің мүмкіндігі.  Жаһандану құрдымына жұтылмаудың дара жолы – ұлттық дәстүрден ажырамау. Ал ұлттық дәстүрдің өзегі – ана тіліміз еді.

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.          Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп танылды, шетел тілдері оның қасында екінші немесе үшінші қосымша тіл ретінде қызмет атқаратын болды. Ұлттық сана мен мемлекеттік тілді бірінен-бірін ажыратып жатудың қажеті шамалы, бұл ұғымдар қажетті жағдайла бірдей де қолданыла береді.

Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл – қызы болайық, өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!

 

 

Шымкент қаласының Әділет

департаментінің бас маманы

                                                                                  М.Маматаева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.