БАЛАҢЫЗДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ Избранное

Пятница, 15 Ноябрь 2019 04:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2276 раз

Шымкенттік полицейлер «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Бұл туралы Шымкент қаласы ПД-нің Баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шара 9-16 қараша аралығын қамтиды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің ювеналды полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік және көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдті кәмелетке толмағандардың қайыршылықпен айналысу фактілерінің жолын кесу және олардың құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында өткізуде.
Айта кетерлігі, алғашқы 4 тәулік нәтижесінде қайыршылық жасаған 3 жасөспірім анықталды. Ата-анасының бақылауынсыз жүрген 43 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерін орындамағаны үшін 12 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен, қоғамдық орында тиісу, қайыршылық жасау және өзге де әрекеттер жасау арқылы мазалап өтініш білдірген 82 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазақстан Республикасы көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 46 шетел азаматына да ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша осындай әкімшілік шара көрілді. Қабылдап-тарату орталығына 50 тұлға орналастырылды.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.