Версия для печати

Құттықтау!

Четверг, 14 Ноябрь 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2556 раз
Оцените материал
(0 голосов)

WhatsApp Image 2019-11-14 at 13.45.24

Өңірімізге белгілі, өз ісінің нағыз маманы Ғалымжан Мотайұлы Абишев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен 2019 жылдың 11 қарашасынан бастап Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшы орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ғалымжан Мотайұлы 1969 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын 1995 жылы бітіріп, одан кейін де Алматы экономикалық университетінде, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алған. Бір емес, бірнеше жоғары білімінің арқасында қызмет атқарған орындарында әрқашан өзін тек жоғарыдан көрсете білген білікті маман. Еңбек жолын Түркістан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер-эпидемиолог қызметінен бастап, эпидемиологиялық бөлім меңгерушісіне көтеріледі. Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде эпидемиология жөнінде бас дәрігердің орынбасары болып қызмет атқарған. Басқа да мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарған. Оның ішінде белгілі Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті де бар, осы күнге дейін еңбек жолының басым бөлігінде негізінен Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасында басшы орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылдан Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары қызметін атқарып келсе, бүгінгі күнде Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшы орынбасары лауазымына тағайындалып отыр.

Қызмет жолынан байқағанымыздай, денсаулық сақтау саласына мол үлес қосып келе жатқан іскер азамат. Ендеше, Ғалымжан Мотайұлын жаңа лауазымымен құттықтай отырып, еңбегіне жеміс тілейміз!

 

Шымкент қаласы

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің

баспасөз қызметі

Последнее изменение Пятница, 15 Ноябрь 2019 07:49
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.