Версия для печати

Жастарға – 904 пәтер Избранное

Среда, 20 Ноябрь 2019 03:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3187 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жұмысшы жастарға берілетін жалдамалы пәтерлерге өтінімдер қабылдау конкурсы басталды. Нақтырақ айтсақ, қаладағы жұмыс істейтін, 29 жасқа дейінгі жастар жыл соңына дейін 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерге ие болады.

DSC 0304

Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Ж. Қалтаев пен Шымкент қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Әбдінұров сатып алу құқығынсыз берілетін баспанаға кімдер қатыса алатыны туралы баяндады.

Жалдамалы пәтерлер ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге жалға беріледі.

Ж.Төлембекұлының айтуынша, соңғы екі жылда қалада тіркеуде тұратын, осы уақыт ішінде тұрғын үйге меншік иесі болып табылмайтын, ай сайынғы табысы 40 АЕК (101 мың теңге ) кем емес, банкте жинақ (депозиттік) шоты бар, 29 жасқа дейінгі және отбасылы жастар аталған жалдамалы пәтерлер байқауына қатыса алады.

Үшінші мегаполисте жалпы 904 пәтер беріледі деп жоспарланған. Оның 304-і жаңадан тұрғызылса, қалғаны нарықтағы үйлерден үлестіріледі. Осы мақсатқа 6,5 млрд теңге қаржы бөлініпті. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайлар 2021 жылды қоса алғанда 3 жыл бойы беріледі. Ай сайын төленетін пәтерақы 10-12 мың теңге көлемінде болмақ.

Сала мамандарының болжамына қарағанда аталған байқаудың ауқымы кең. Кемі 5000-6000 жас қатысады деп күтілуде. Бүгінде үй кезегінде тұрған жастар саны 10 мыңға жуық.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, жұмысшы жастарды қолдау мақсатында берілетін баспаналарға өтінімдер 25-29 қараша күндері қабылданады. Егер байқауға қатысушы жастың құжаты қате болған жағдайда қосымша бір жұмыс күні беріледі, дейді спикер.

Тиісті құжаттар тізімін shymkent.gov.kz сайтынан көруге болады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды Республика даңғылы, 12а ғимаратының бірінші қабаттында орналасқан Шымкент қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына өткізу қажет.

Қосымша ақпарат үшін телефон: 24-74-85.

Последнее изменение Среда, 20 Ноябрь 2019 10:50