2020 жыл: Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қаншаға көбейеді? Избранное

Пятница, 22 Ноябрь 2019 05:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3986 раз

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақылар жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Осыған орай, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады.

1514353405 1514352212 5

«2020-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына сәйкес:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 651 теңге;
Төменгі зейнетақы – 38 636 теңге;
Төменгі күнкөріс деңгейі (ТКД) – 31 183 теңге;
Төменгі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 16 839 теңге;
Төменгі еңбекақы мөлшері – 42 500 теңге көлемінде анықталды.

ЗЕЙНЕТАҚЫ

Жасына байланысты зейнетақы мен еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген зейнетақы мөлшері 7% арттырылады.
Жаңа тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін жоғарғы табыс, 2020 жылы 46-еселік АЕК-тен аспайды (12 1946 теңге).

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері, соның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелері мен түзету орындарында тұрып жатқан тұлғалар үшін «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» ҚР 1997 жылғы 16 маусымдағы N126 Заңының 12,16 және 18 баптарымен қарастырылған көлемде анықталады.
Мысалы: «жалпы ауру» себебі бойынша екінші топ мүгедектігі бойынша жәрдемақының мөлшері 2020 жылға арналған бюджет Заңымен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,53 коэффициенті, яғни 31 183 т. х 1,53 =47 710 теңге болады.

БАЛАЛАР ЖӘРДЕМАҚЫСЫ

1.№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар, баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар, баланың 1 жасқа дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, сонымен қатар Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен тұлғалар мен жаппай саяси қуғын сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген бір жолғы ақшалай өтемақы мөлшерлері АЕК мөлшерінің өсуімен байланысты арттырылады.

2. Мүгедек-баланы тәрбиелеуші ата-аналарға (қамқоршыларға, қорғаншыларға) арналған жәрдемақы мөлшері 2020 жылдың 1 қаңтарынан төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты арттырылады.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы N63 Заңына сәйкес мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы) төменгі күн көріс деңгейінің 1,4 коэффициентін ( 31183 т. х 1,4=43 657 т.) құрайды.

3. Еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан жүргізілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері 5%-ға өседі.
4. Банкрот салдарынан жойылған, заңды тұлғалармен жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді капитализациялау кезеңін аяқтаудан кейінгі ҚР азаматтарына арналған 01.01.2020 жылға дейін тағайындалған алынып отырған ай сайынғы төлем 5%-ға артады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәмелеттік жасқа толмаған, тұрғылықты жері бір 4 және одан көп баласы бар, көп балалы отбасылар, соның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасылар, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу бітіргенше (бірақ 23 жасқа толғанға дейін), көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақына енгізу жоспарлануда.

Бұл ретте, жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай анықталады. Яғни,

4 баласы бар отбасыларға
42 500 теңге,
5 балаға – 53 125 теңге,
6 балаға – 63 750 теңге,
7 және одан да көпбалаларға 74 375 теңге төленеді.

Орта есеппен алғанда, жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайтын болады.

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша әлеуметтік төлем тағайындау барысында туындаған сұрақтар болған жағдайда түсініктеме беру, кеңес керек болса Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаментіне хабарласуыңызға болады.

Департаменттің мекенжайы Шымкент қаласы, Диваев көшесі, 148 ғимарат, ақпарат алу үшін (8-725-2) 32-63-24 номері арқылы телефонмен хабарласа аласыз.

С.ӨКСІКБАЕВА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон
Комитетінің Шымкент қаласы бойынша

департаментінің Әлеуметтік қамсыздандыру
бөлімінің
бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.