Версия для печати

Наразылықтан мәдениетке дейін Избранное

Пятница, 22 Ноябрь 2019 05:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2693 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Shymkent BUS» автобус паркінде 30-ға тарта қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушылар бағытына шығудан бас тартты. Олар екі ай алмаған айлықты төлеуді талап еткен. Аталған жағдайға байланысты «Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Ә.Рабаевтың қатысуымен өткен брифингте олардың жалақысы осы аптаның соңына дейін төленетіні белгілі болды.

брифинг акмарал

Әбілсейіт Байсейітұлының айтуынша, қазан айында «Shymkent BUS»-тың 361 жұмысшыға 51 млн теңге көлемінде берешегі болған. Бүгінгі таңда соның аз ғана бөлігі қалған.

– Қоғамдық көлік жүргізушілеріне айлық жалақысын 3 немесе 6 айлап төлеуді болдырмаймыз. «Shymkent BUS» көлік компаниясын қаржыландыру үшін «ПетроҚазақстан» компаниясы 200 млн теңге қаржы бөлген болатын. Сол қаржыны игерудің кезеңдік жұмыстарына байланысты айлық уақытынан сәл кешікті. Қоғамдық көлік жүргізушілерін бұл жағдайға түсіністікпен қарауға шақырып, мәмілеге келдік. Көлік жүргізушілері қазан айындағы берешегі мен қарашаның айлығын бірер күнде алады, – деді Ә.Рабаев.

Брифингке «Shymkent BUS» басқарушы компаниясы ЖШС директоры Елікбай Тоқбергенов пен қалалық жолаушылар көлігі және автомоль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ержан Зиябеков те қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Шымкент қаласына келген жаңа 300 автобустың 231-і 12 бағыт бойынша қала жолаушыларына қызмет көрсетуде. Қалған 69 автобусты бағытқа қою жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Сондай-ақ, «Shymkent BUS» компаниясының қоғамдық көлік жүргізушілерінің жалақысы келісімшартта 130 мың теңге деп көрсетілген. Әйткенмен, жүргізушілер жол жүру ережесін бұзып, жолаушыларға дөрекілік танытқан жағдайда оның жалақысы азаюы мүмкін.

– Біз мегаполис болдық. Шымкентте қоғамдық көліктің бір ғана түрі бар, метро, басқа да түрлері жоқ. Сондықтан, автобус қызметін тиісті заманауи деңгейге көтерумен қатар жұмысшылардың да талапқа сай қызмет етуін қолға алмақпыз. Осы мақсатта алдағы уақытта «Shymkent BUS» қоғамдық көлік қызметіндегі азаматтарға айлық бонустық жүйемен төленеді, – деді Ә.Рабаев.

Еске сала кетейік, Елікбай Тоқбергеновтің айтуынша, көлік жүргізушілері айдың 15 күнінде жұмыс істеп, 15 күнінде демалады. Оны күнара немесе екі күндік етіп реттеу жұмысшылардың таңдауына қарай шешіледі.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.