Версия для печати

ӨЗБЕКСТАНДА ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

Пятница, 22 Ноябрь 2019 05:56 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2120 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Іс-шараның мақсаты Қазақстан мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейту.

Сондай-ақ, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірбие алмасу болып табылады.

Осы мақсатта ҚР Денсаулық сақтау министрі Е Біртанов бастаған 70-ке жуық қазақстандық делегация іссапармен шет елде жүр. Оның ішінден жетекші медициналық клиникалар мен бейінді медициналық және медициналық жоғары оқу орындары, IT және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы компания өкілдері бар.

Іс-шараның бірінші күнінде қазақстандық медицина жетістіктерінің форумы мен көрмесі өтуде. Форумға қатысушыларға Қазақстанның денсаулық сақтау реформалар, тәжірибелік медицинада қолданылатын инновациялармен және озық технологиялар таныстырылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.