«ГЕОПОРТАЛ» қоқыс үйінділерін ғарыш арқылы анықтайды

Пятница, 22 Ноябрь 2019 06:05 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3348 раз

Мегаполисте тұрғындар санының өсуімен бірге, олардан түзілетін тұрмыстық қалдықтардың да көлемі артуда.

545456453333333333

Қаланың ішінде тұрмыстық қалдықтарды арнайы мекемелер жинап алып кететін болса, жаңа құрылыс аймақтарында мұндай заттарды бос жерлерге, сайларға төгу деректері жиі орын алуда. Нәтижесінде, бей-берекет қоқыс үйінділері түзілуде. Бұл қалдықтардың құрамында не жоқ дейсіз? Құрылыс қалдықтары, үй жануарларының өлекселері, пластикалық заттар және тағы басқалар. Әрине, бұның барлығы санитарлық жағдайдың нашарлауына, топырақ жамылғысының ластануына әкеліп соқтырады.

Осы проблеманы шешу мақсатында, қазіргі уақытта заманауи технологияларды пайдалану мүмкіндіктері қолымызда бар. Айта кетсек, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырысы бойынша, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен республика аумағында заңсыз, бей-берекет жатқан қалдықтар орындарын анықтау бойынша ғарыштық мониторинг жүргізілуде. Космостық түсірілім нәтижесінде қоқыс үйінділері және олардың координаттық нүктелері анықталады.

Қоқыс үйінділерінің жатқан орындарын көрсету үшін арнайы электронды «Геопортал» ақпараттық жүйесі құрылған. Бұл ақпараттық жүйені жергілікті жерде экология департаменттерінің мамандары ұялы телефондарына енгізіп, қалдықтардың орындарын көріп отырады.

Ғарыштық мониторинг нәтижесінде, Шымкент қаласы бойынша экология департаментіне бей-берекет жатқан қалдық орындарының координаттық нүктелері жолданып отырады. Өз кезегінде, біздің мамандар осы координаттық нүктелерді қоқыстан тазалау үшін жергілікті әкімдіктерге ұсынып, аумақтардың тазалануына бақылау жүргізеді.

Ағымдағы жылғы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның жүзеге асырған ғарыш мониторингінің қорытындысына сәйкес, Шымкент қаласының аумағында рұқсатсыз бей-берекет қоқыс үйінділерінің 122 координаттық нүктелері анықталған. Қазіргі таңда, анықталған қоқыс үйінділерін тазалау бойынша қаладағы Әл-Фараби, Абай, Еңбекші және Қаратау әкімдіктерімен тиісті жұмыстар жүргізіліп, қала аумағы тазартылуда.

Шымкент қаласы бойынша
экология Департаменті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.