Жайдарманшылар әкім кубогін сарапқа салды

Среда, 04 Декабрь 2019 09:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 659 раз

Үшінші мегаполистің жайдарманшылары маусымдық ойынды аяқтап, жылдың үздік командалары анықталды. Жастар жылы аясында ұйымдастырылған жарыста жастар қала әкімінің кубогі үшін сайысты.

318

 

Көңілді тапқырлар алаңында түрлі байқауларда жүлде олжалап жүрген төрт команда бақ сынады.

Ақтық мәре үш сайыстан тұрды. Финалдық ойынға жолдама алған топтар сәлемдесу, жамбы ату және жұлдызды ойыншы мен үй тапсырмасы бойынша әзілмен өрілген өнерлерін ортаға салды.
Сайыс қорытындысына сәйкес «Миллион» командасы бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаз командаға 500 мың теңге қаржылай сыйлық және қала әкімінің кубогі бұйырды. Бірінші орынды «Хештэг» (300 мың теңге) еншілесе, екінші орын – «Достықта» (200 мың теңге). Ал үздік үштіктен көрінген көңілді топ «Капитан» 100 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды.