Әлеуметтік қызметтер порталы енгізіледі Избранное

Пятница, 06 Декабрь 2019 05:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2979 раз

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздің барлық аймақтарында Әлеуметтік қызметтер порталы енгізіледі. Енді мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге портал арқылы өз бетінше тапсырыс бере алады.

404

 

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ, кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий-курорттық емдеу қызметтері жатады.

Айдан аптаға қысқарады

Осыған дейін оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін алуға мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ұзақтығына байланысты мүгедектік белгіленген сәттен бастап 8 ай уақыт кететін. Жалпы, тендерлік жүйе мүгедектердің сапалы қызмет алуына кедергілерді көбейтті. Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қызмет көрсету мен медициналық бұйымдардың сапасының нашарлығына шағым көбейген. Ал портал арқылы мүгедектігі бар адамдар тауардың және қызметтің қажет түрін өз бетінше таңдауына мүмкіндік алады.
Порталды енгізу нәтижесінде құралдарды ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің мерзімдері 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқарады. Мүгедектігі бар азаматтардың өтініштеріне сәйкес оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің белгіленген құнын өтеу тетігі көзделген. Бұл порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдау кезінде қосымша ақыны жүзеге асыру функциясы қолжетімді болады дегенді білдіреді.
Портал оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақтылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ, жеке қажеттіліктерді, өнім берушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Бұған дейін хабарланғандай, портал Ақтөбе қаласында пилоттық режимде іске қосылған-ды. Оған бірнеше медициналық-әлеуметтік мекеме қатысып, сәтті жүзеге асырылды.
«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту бойынша ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.
Ресурсты Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары пайдалана алады деп жоспарлануда. Ол 400 мыңнан астам пайдаланушы мен 200 мың өнім берушіні қамтиды.
Бүгінгі таңда «Мобильді азаматтар базасы», «Әлеуметтік тізілім», «Бірыңғай деректер қоймасы», «Қазпочта» АҚ, «Еңбек шарттарының бірыңғай жүйесі», «Жылжымалы мүлік тіркелімі» ақпараттық жүйелерін біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

24 қызмет порталға ауысады

Әлеуметтік қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің бөлігі және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.
Портал 6-дан (инватакси қызметтерінен басқа) 5-үдерісті цифрлауды көздейді, бұл:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
2) оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;
3) ымдау тілі маманы қызметін көрсету;
4) жеке көмекші қызметін көрсету;
5) санаторлық-курорттық емдеу қызметін көрсету.
Мемлекет тарапынан оңалтудың техникалық құралдар мен қызметтерінің құнын өтеу тетігі көзделген. Портал тұтынушы неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша ақы төлеу мүмкіндігін қарастырады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 бизнес-процесстің екеуін: арнайы әлеуметтік қызметтер және жеке бейімделуді талап етпейтін ОТҚ түрлерінің жартысынан астамын қамтамасыз ету, оның ішінде республикалық бюджеттен толық қаржыландырылатын 24 түрін порталға ауыстыру жоспарлануда.
Жеке іріктеуді талап ететін оңалту құралдарының қалған түрлері 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында пысықталады.
Сондай-ақ, 2020 жылдың көктемінде портал қалған 3 бизнес-процесс бойынша қызмет алу мүмкіндігін қарастырады (санаториялық-курорттық емдеу, жеке көмекші және ымдау тілі маманы қызметтері).
2020 жылы үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында оңалту тауарлары мен қызметтері баламалы негізде портал және мемлекеттік сатып алу арқылы көрсетіледі. Ал порталға 2021 жылдан бастап толық өтеді.
Кәсіпкерлік қызметті жеке, заңды тұлғалар және олардың филиалдары жүзеге асырады. Оларға қойылатын талаптар қатаң. Мәселен, порталда:
1) салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;
2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;
4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;
5) медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар;
6) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іске асыру үшін баға табыс етуге тіркеле алады.
Өнім беруші порталда тіркеуден алынады:
1) тіркеуден шығару туралы өтініш беру;
2) Өнім берушінің қызметі тоқтатылған немесе қайтыс болғанда;
3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу;
4) әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау.
Бұл адал бәсекелестікті арттырады және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
2019 жылдың соңына дейін порталды пайдалану бойынша егжей-тегжей нұсқаулықтар әзірленеді. Сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері арасында оқыту жұмыстары жүргізіледі. Портал әкімшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі саналады, сүйемелдеуді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жүзеге асырады.
1 қарашадан бастап портал пайдаланушылары үшін call-center іске қосылды. Қажет ақпарат алу үшін 1411 нөміріне хабарласуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.