Қаржыны игермегендер жауапкершілікке тартылады Избранное

Среда, 11 Декабрь 2019 04:05 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2297 раз

Жыл соңына дейін бюджет қаржысын толық игермеген басқарма басшылары жауапкершілікке тартылады. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әкімдікте өткен аппараттық мәжілісте салалық басқарма жетекшілеріне осындай ескерту жасады.

78857100 2390386117941007 8862113468480749568 o

Мәжілісте 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Қала әкімі басқарма басшыларына жұмысты ширатуды, биылғы кіріс жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етуін тапсырды. Сондай-ақ, 2019 жылғы бюджетте қаралған қаржыны 20 желтоқсанға дейін толық игеріп, түпкілікті нәтижеге қол жеткізуді, жыл қорытындысымен бұл жұмыстар толық орындалмаған жағдайда бірінші басшыларға қатаң тәртіптік шара көрілетінін ескертті.

Жиында, бұдан бөлек, 26 қарашада Мемлекет басшысы қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңа толықтырулар түсіндірілді.
Қала басшысы кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлық – ең өзекті мәселе екенін, бұл «індетпен» жұмыла күресу керегін баса айтты.

– Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс! Әрине, ең алдымен бүгінгі жас, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасында тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім», - деді Ерлан Айтаханов.

Мәжіліс соңында Ерлан Қуанышұлы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерден тиісті қорытынды шығарып, нәтижелі жұмыс атқаруды міндеттеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.