Версия для печати

ҰЛЫ ДАЛА МҰРАГЕРЛЕРІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУЫ

Пятница, 13 Декабрь 2019 09:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2434 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты концерті өтті. Биылғы шара сахналық қойылым түрінде көрерменге жол тартты.

 

0012

 

Кеш шымылдығы оркестрдің орындауында Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйімен ашылды. Ұлы дала елінің ұлық мерекесіне арналған кеште сақ дәуірінен тәуелсіздікке дейінгі елеулі оқиғалар қамтылды.

Алдымен сақтар туралы бейнебаян көрсетіліп, Алтын адам биі жиналған қауым назарына ұсынылды. Кейін 12 000 шақырым қашықтықты жалғап, шығыс пен батысты байланыстырып тұрған Ұлы жібек жолы туралы да мол мағлұмат берілді. Сауда маршруты еліміз үшін мәдени және экономикалық көпір болғаны керуен көрінісі арқылы көрерменге жол тартты. Сондай-ақ, ұлтарақтай жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырлардың ерен ерлігі сұлтандар кеңесінде көрініс тапты.

Ашаршылық жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдер де назардан тыс қалмады. Жеңіске жеткен жауынгерлердің қуанышты сәті де сахналанды. Қазақ жастарының күресіне айналған желтоқсан көтерілісі көрерменнің көңілін босатып, жанарына жас толтырды. Осылайша, екі сағатқа созылған кеште байтақ жерді бүгінгі ұрпаққа аманат еткен ата-бабалардың ерлігін жиналған жұрт қайта еске түсірді.

0027

Елбасының ант қабылдау салтанаты,Ата заңымыз, ұлттық валютамыз, Нұр-Сұлтан қаласының бой көтеру сәттері көрерменнің көңіл түкпіріндегі сезімнің қайта жандануына сеп болды.

 

Кеш соңында 28 жыл бойы тәуелсіздіктің бесігінде тербелген жалынды жастар «Мекенім – Қазақстан» әнін жаппай орындап, өнер сүйер қауымға рух сыйлады.

 

ҰЛЫ ДАЛА МҰРАГЕРЛЕРІНІҢ асыл парызы - бабалардың аманаттын сақтау екенін әрбір жас ұғынып, тарқасты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.