АЛҒАШҚЫ ЦИФРЛЫҚ БАНК ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ Избранное

Пятница, 20 Декабрь 2019 03:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 344 раз

Шымкентте Қазақстандағы алғашқы цифрлық банктің 6-филиалы ашылды. «Altyn Bank» АҚ филиалдары бұған дейін еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында ашылған болатын.

банк фото

Елбасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысын бастаған қаржы ұйымының ашылу салтанатына Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяо мен қала әкімі Ерлан Айтаханов қатысты.

Шымкент қаласының тұрғындары мен банк қызметкерлерін жаңа банктің ашылуымен құттықтаған қала басшысы заманауи технологиялық трендтер қаржы саласын өзгертетінін атап өтті.

– Бүгінгі таңда банктердің 70% жеке және заңды тұлғаларға интернет пен мобильдік банкинг арқылы қызмет көрсетсе, банктердің 55% өз қызметтерін мобильді қосымша негізінде ұсынады. Бұл нарыққа өңірлік инвесторлардың қол жеткізуін жеңілдетіп, инвесторларға әлемнің кез келген нүктесінен қазақстандық қор нарығында қаржы құралдарымен сауданы жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деді қала әкімі.

«Altyn Bank» АҚ құрған бренд жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша толыққанды сандық банк саналады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.