Версия для печати

Жедел жәрдем қызметіне – жаңа 100 автокөлік Избранное

Пятница, 20 Декабрь 2019 03:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2439 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жедел жәрдем қызметі 100 жаңа медициналық автокөлікпен толықты. Қала әкімі Ерлан Айтаханов жедел көмек көрсететін көліктердің технологиялық мүмкіндіктерімен танысты.

 DSC0742

Көз жауын алатын инновациялық үлгідегі May Day фирмасының автокөлігі медициналық стандартқа сай. Салонның іші кең. Биіктігі адам бойына лайықты және дәрігердің науқаспен жұмыс жасауына ыңғайлы. Автокөлік жедел көмек көрсететін заманауи медициналық құрылғылармен толық қамтылған.

Атап айтсақ, ЭКГ аппараты, өкпені жасанды желдендіру, 4 реанимациялық бригадаларға жүрек массажына арналған автопульс және тағы басқа аппаратуралар бар. Сонымен қатар, арба да өте ыңғайлы. Бір артықшылығы, бұған дейінгі көліктегі құрылғылар тек ересектерге арналса, енді жасөспірімдер мен сәбилер үшін де жедел жәрдем көрсетуге жағдай жасалған.

– Жедел жәрдем қызметін көрсетуде кездесетін қиындықтар көп екенін білеміз. Қала тұрғындары тарапынан шақыртуларға уақытылы келмеуіне байланысты сын-ескертпелер жиі айтылады. Жаңа көліктер осы кедергілерді азайту мақсатында беріліп отыр. Жалпы, жедел жәрдем қызметін көрсететін 87 көлік бар. Бірақ оның жартысынан көбі ескірген. Сол себепті, рет-ретімен орнын жаңа көліктермен алмастырамыз, - деді Ерлан Қуанышұлы.

Қала әкімі сыйға тартқан көліктер қаламыздағы 10 жедел жәрдем стансасына берілді. Айта кетейік, осы жоба аясында сall-орталық әлемдік стандарттар бойынша жаңғыртылмақ. Ал түрік компаниясы тарапынан инвестицияның жалпы сомасы 6,3 миллиард теңгені құрайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.