Версия для печати

Сенат депутаттары азаматтарды қабылдады Избранное

Понедельник, 06 Январь 2020 03:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2216 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Айгүл Қаппарова мен Нұрлан Бекназаров іссапармен келді.

сенат фото

Сапар аясында депутаттар азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға тұрғындармен қатар Шымкентке қарасты аудан әкімдері мен жауапты сала мамандары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық қабылдау барысында бірқатар азаматтардың өзекті мәселелері тыңдалды.

Басқосуда негізінен жұмыспен және баспанамен қамту, жерді тиімді пайдалану сияқты әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтерілді.
Сенат депутаттары іссапар аясында Халықты жұмыспен қамту орталығында болып, тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмекке байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.