Версия для печати

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ғ.Төлеповтің 2019 жылдың қорытындасы бойынша халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының тезистері

Понедельник, 06 Январь 2020 04:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2235 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 05 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес, барлық деңгейде әкімдердің 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп беру кездесулері мен 2020 жылға негізгі міндеттері айқындалуда. Өз кезегінде Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі аудан аумағындағы 3 елді мекенде 2019 жылдың қорытындысы бойынша есеп береді.

 аким Абай

Өткен 2019 жылы аудан әкімінің халыққа есеп беру жиналысында тұрғындар тарапынан 40 өтініш түскен, оның ішінде 17 өтініш жыл ішінде толық шешімін тауып, 16 өтініш орындалу барысында, ал 7 өтініш бақылауда тұр. Яғни, ол өтініштерде биыл құрылыс жұмыстары жүргізілетін, жоба-сметалық құжаттар әзірленетін, заңсыз жер телімдерінің құжаттарын рәсімдеу өз шешімін табатын өтініштер.
2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы жарияланды. Аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында 30 жиналыс өткізіліп, жалпы 6 500 адам қамтылды.
2019 жылы аудан әкімі аппаратында 3228 кіріс құжаттары және 3003 шығыс құжаттар рәсімделіп, аудан әкімі мен аудан әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында 399 азамат жазылды. Жеке қабылдауда көтерілген мәселелердің себептері талқыланып, шешу жолдары қарастырылып, арыз иелеріне уақтылы жауаптар берілді.
Ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Санитарлық тазалық және көріктендіру жұмыстары

Абай ауданы бойынша 2019 жылы 453 көпқабатты тұрғын үйдің 258 ауласы мен 727 көшенің санитарлық тазалау және ирригациялық жүйелерін қоқыстан тазартуға 307 млн 692 мың теңге қаржы қарастырылып, «Ақсемсер-Стройсервис» мекемесі қызмет көрсетті.
Сонымен қатар, аудандағы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен ішкі орамдық көшелердегі қураған талдарды бұтау, шөптерді ору жұмыстарына 67 млн 498 мың теңге қаржы бөлініп, «Қазақ соқырлар қоғамы» бірлестігі жұмыс атқарды.
Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен «Спецавтотранспорт» ЖШС-і айналысты.
Аудан аумағындағы 453 көпқабатты тұрғын үй аулаларына қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасы бар. Осы алаңшаларға 485 контейнер қойылған.
Мердігер мекеме көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлерін күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлерді аптасына 1 рет тазалап, алып отырады.
Сонымен қатар, халық тығыз шоғырланған 8 шағынаудан, Республика даңғылы мен А.Асқаров, Б.Момышұлы және Ю.Гагарин көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында орнатылған контейнер алаңшаларына қосымша контейнер қойылып, тозығы жеткен 67 контейнер ауыстырылды. 2020 жылы жаңа типті 150 евроконтейнер сатып алуға 19,5 млн теңге қаржы бөлінді.
Қоқыс алаңшаларының жер телімдерін заңдастыруға жергілікті бюджеттен 8 млн 416 мың теңге бөлініп, құжаттары рәсімделуде.

Жылумен қамту

Ауданда көпқабатты 453 тұрғын үй орналасқан. 424 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған болса, 29 көпқабатты үй, атап айтқанда: - Жаңаталап тұрғын алабында 5 үй;
– Қызылжар тұрғын алабында 16 үй;
– аудан орталығында 8 тұрғын үй жеке қазандыққа көшкен.
2019-2020 жылғы жылу беру маусымында көпқабатты 424 тұрғын үйді қысқа дайындау, үйдің ішкі жүйелерін сығымдау және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша «Қуатжылусервис» ЖШС, «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС сервистік мекемелері қызмет көрсетті. Өткен жылы аудан әкімдігі мен сервистік мекемелер қызметкерлері бірлесіп, тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында:
– «Қуатжылусервис» мекемесімен - 242 үй;
– «Жилкомхоз Шымкент» мекемесімен - 49 көпқабатты тұрғын үйлер (барлығы: 292 үй) келісім-шартқа отырды.
Биылғы жылы тұрғындар күшімен дайындалған 133 көпқабатты тұрғын үйді сервистік мекемелермен келісімшартқа отырғызу жұмыстарын қолға алу жоспарлануда.

Балалар және спорт ойын алаңшалары

Аудан аумағындағы 453 көпқабатты тұрғын үйлер 258 аулаға біріктірілген. Өткен 10 жыл көлемінде 219 аулаға балалар ойын алаңшалары мен 50 спорт алаңшасы орнатылған болатын.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуіріндегі «Шымкент қаласының көпқабатты тұрғын үйлер аулаларын абаттандыру туралы» №309 қаулысының 1.1. тармақшасына сай, аудандардағы көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүргізу тапсырылған болатын.
Осы қаулыға сәйкес, 2019 жылы аудан аумағындағы 45 аулаға 1 411,6 млн.теңгеге балалар ойын алаңшаларын орнату үшін ЖСҚ дайындалып, конкурс жарияланды.
Конкурс қорытындысымен «Бай-Болашақ» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстарын аяқтап, тұрғындардың пайдалануына берілді.
Аяқталған жұмыстарды қабылдауға аудан әкімдігі тарапынан арнайы комиссия құрылып, құрамына аудан әкімдігі, аудандық «Нұр Отан» партиясы, үй комитеттерінің төрағалары және қоғамдық бірлестік өкілдері енгізілді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тәртібіне сәйкес аталған қаржы мердігерге 3 жыл көлемінде қайтарылатын болады.
Енді ағымдағы жылы:
– 41 аулаға балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарына 637 ,4 млн теңге;
– 8 спорт алаңшасын салу жұмыстарына 131, 5 млн теңге;
– 24 спорт алаңшаларының жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына 114, 5 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілетін болады.

Ауыз су

Аудан аумағы бойынша 22 елді мекен ауыз сумен қамтылса, ал 12 елді мекен құдық және тасымалды ауыз суларын пайдаланады.
2019 жылы 2 елдімекенде ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, Ақжар тұрғын алабындағы 650 үйді (жоба құны - 360,7 млн теңге) ауыз сумен қамту құрылысы толық аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ал, Айкөл тұрғын алабындағы 66 үйге (жоба құны- 168,1 млн теңге) ауыз су жүйлері толық тартылып, қазіргі таңда абоненттерді қосу, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүруде.
Нәтижесінде 2019 жылдың соңында аудан аумағы бойынша 24 елдімекен (78,5%), толық ауыз сумен қамтылды.
Ағымдағы жылы шалғай орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, Жиделібайсын мен Гагарин көшелерінің қиылысынан Көкбұлақ тұрғын алабына дейінгі магистралды су жүйесінің құрылыс жұмыстарын «Лидер Строй Проект-2002» мекемесі (жоба құны - 424,7 млн теңге) бастауды жоспарлап отыр.
Сонымен бірге, 6 елдімекенге:
– Жаңаталап тұрғын алабына - 676 үй (жоба құны - 818, 5 млн тг.);
– Қызылжар тұрғын алабына - 684 үй (жоба құны -186, 5 млн тг.);
– Игілік тұрғын алабына - 1319 үй (жоба құны - 634,7 млн тг.);
- Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына - 716 үй (жоба құны - 237 ,5 млн тг.);
– Көкбұлақ тұрғын алабына - 312 үй (жоба құны - 291,8 млн тг.);
–Батыс шағын ауданына – 2500 үйге (жоба құны - 2 214,8 млн тг.) биылғы жылы ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Осы құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда, ауданда ауыз сумен қамтылатын елдімекендер саны 30-ға жетіп, 85% құрайтын болады.
Сонымен қатар, төмендегі елді мекендерді сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 3 елдімекенге:
– Ақтас тұрғын алабындағы -115 үйге («Су жоба құрылыс» ЖШС);
– Солтүстік саяжай шағын ауданындағы - 1025 тұрғын үйге (4875 жер телімі) («Су жоба құрылыс»ЖШС);
– Ынтымақ-2 шағынауданындағы - 1794 үйге («Конструктор 80» ЖШС) бюджеттен жоба дайындауға 86,1 млн теңге қаржы қарастырылды. Ағымдағы жылы жобалық-сметалық құжаттар әзірленген соң, құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім берілетін болады.
Сонымен бірге, Арғымақ шағын ауданындағы - 2000 жер теліміне (35 тұрғын үй) орналасқан тұрғын үйлерді ауыз сумен қамту бойынша жоба дайындауға ұсыныс берілді.

Электр жүйесі

Аудан аумағындағы 22 елді мекен мемлекеттік электр жарығымен қамтылған. 12 елдімекен жеке меншік трансформатор жарығын пайдаланады.
2019 жылы екі елдімекенде құрылыс жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда, Құрсай шағынауданы аумағындағы 2216 үйді (жоба құны - 651,6 млн тг.) электр қуатымен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарын мердігер «Электромонтаж» АҚ мекемесі толық аяқтап, пайдалануға тапсырылды және Самал-3, Солтүстік батыс шағынаудандарындағы 4896 үйді (жоба құны - 1 663 млн тг.) электр қуатымен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі таңда тұрғын үйлерді жаңа жүйеге қосу жоспарлануда.
Нәтижесінде аудан аумағындағы 24 елдімекен (67,1%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылды.
Сонымен қатар,
– Ақтас-2 тұрғын алабындағы - 115 үйге («ЭТЛ Энерго сервис» ЖШС);
– Солтүстік саяжай шағынауданындағы - 4875 жер теліміне («Су жоба құрылыс» ЖШС);
– Ынтымақ 2 шағынауданындағы - 1794 үйді («Конструктор-80» ЖШС);
– Ақжар тұрғын алабындағы - 650 үйді («А-Строй проект» ЖШС);
– Айкөл тұрғын алабындағы - 66 үйді («А-Строй проект» ЖШС);
– Жаңаталап тұрғын алабындағы - 676 үйді («Ұлмад» ЖШС);
– Игілік тұрғын алабындағы - 1319 үйді («А-Строй проект» ЖШС);
– Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабындағы - 716 үйді («А-Строй проект» ЖШС) жаңа электр жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы бюджеттен 130,0 млнтеңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.
Сонымен бірге, Арғымақ тұрғын алабындағы 2000 жер теліміне (35 тұрғын үйде 115 адам тұрады) электр жүйелерімен қамтамасыз етуге қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс жолданған.

Табиғи газ

Аудан бойынша 25 елдімекен (82,2%) табиғи газ жүйесімен қамтылған.
9 елдімекен көмір отынын пайдаланады. Аталған елдімекендерде бірқатар тұрғын үй иелері 250-300 мың теңге көлемінде қаржы жинап, жекеменшік газ жүйелерін тартып алған.
2020 жылы Алтынтөбе тұрғын алабындағы 218 үйге мердігер «Жылу строй Ремонт» ЖШС (жоба құны-113,1 млн тг) табиғи газ жүйесі құрылыс жұмыстарын жүргізетін болады.
Көкбұлақ тұрғын алабындағы 312 үйге табиғи газ жүйесін тарту үшін 12,6 млн теңгеге «Марк Гарант» ЖШС мекемесі жобалық-сметалық құжаттарын дайындауда, мемлекеттік сараптама қорытындысын 2020 жылы алу жоспарлануда. Сонымен қатар,
– Ынтымақ-2 (Батыс) шағын ауданындағы - 4294 үйге;
– Солтүстік саяжай шағынауданындағы - 1025 үйге (4875 жер телімі)
– Ақтас шағынауданындағы - 495 үйге;
- Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабындағы -716 үйге;
– Арғымақ шағынауданындағы - 35 тұрғын үйге (2000 жер телімі)
– Айкөл тұрғын алабындағы -66 үйге;
– Ақтас тұрғын алабындағы - 115 үйлерге табиғи газ жүйесін тарту мақсатында, жоба-сметалық құжаттар дайындауға қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс берілген.

Жол құрылысы

Аудан аумағындағы көшелер саны-1025 (1034 шқ.), оның ішінде:
– асфальт жол - 596 (58,1 %) 581,4 шақырым (56,2%);
– тас жол - 326 көше (31,9 %); 373,65 шақырым (36,2% );
– топырақ жолдар - 103 көше (10,0%); 79 шақырым (7,6%).
Аудан аумағында бірқатар ірі нысандардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде:
– Әл-Фараби көшесінің жалғасының құрылысын «Отау Строй» ЖШС мекемесі жүргізуде. Жобаның құны - 3 663,5 млн.теңге. Нысан 2020 жылы жалғасын табуда.
– Бадам өзенінің үстінен өтетін көпір құрылысын «ЖБИ-С» ЖШС тарапынан атқарылуда. Құрылыс монтаж жұмыстарына қаралған қаржы 1895,5 млн.теңге. Аяқталу мерзімі 2020 жылға жоспарланған;
– Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшелерінің қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі құрылысының жоба құны - 226,1 млн. теңге. Мердігер «Алеф-А» мекемесі. Нысанды аяқтау мерзімі 2020 жыл.
– Төлеметов көшесінен Ынтымақ шағын ауданына дейінгі аралықтағы А-2 жолын «Отау строй» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Жобаның құны - 1 771, 438 млн теңгені құрайды.
2019 жылы 21 көшеге (27,5 шақырым) жалпы соммасы 864,6 млн теңгеге асфальт төсеу жұмыстары басталып, 10 көшеде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 көшеде құрылыстары жалғасуда.
2020 жылға аудандағы 48 көшеге (42,4 шақырым) оның ішіндегі шалғай жатқан елдімекендердегі 20 көшеге (19,32 шақырым),
Сонымен қатар, ішкі орамдық 28 көшеге (23,1 шақырым) (жоба құны - 646, 838 млн тг) асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуге қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына ұсыныс берілді.

Шағал тас

2019 жылы аудан аумағындағы Самал-3, Қызылжар, Ақтас, Құрсай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Агрофирма, Солтүстік саяжай, Ақжар, Арғымақ елдімекендеріндегі 85 көшеге 26,49 шақырым шағал тас төселді.
2020 жылға аудан аумағындағы 103 көшеге 79,0 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстарына қаржы қарастыру үшін қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына ұсыныс берілді.
Дегенмен, елдімекендердің жаңақұрылыс аумақтарында пайда болып жатқан көшелерге қажеттілігіне қарай қосымша ұсыныстар берілетін болады.

Аяқжолдар

2019 жылы 5 көшеге 5,3 шақырымға - 50,9 млн.теңгеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізілді. Олар:
– Самал-3 шағым ауданы Ізгілік көшесі-1,5 шақырым;
– Ынтымақ шағынауданы Ташкент көшесіне -1,8 шақырым;
– 4 шағынауданы Қабылбеков көшесі - 0,5 шақырым;
– Жайлау шағынауданы Алмаханқажы көшесі - 0,8 шақырым;
– Ақсуат көшесі - 0,75 шақырымға.
2020 жылға 9 көшеге 6,34 шақырымға - 84,8 млн теңгеге аяқ жол салу қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс жолданып, бүгінгі таңда қаржы қарастыру мәселесі қаралуда.

Көшелерді жарықтандыру

Аудан бойынша жалпы 55 көшеге (125,8 шақырым) жарық бағаналары орнатылып, орталық жарықтандыру жүйесіне қосылған.
2020 жылға аудан аумағындағы әлеуметтік нысандар орналасқан 13 көшеге 24,6 шақырымға (342,3 млн теңге) жарықтандыру жұмыстарының құрылысын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлініп құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы әлеуметтік нысандар орналасқан 29,6 шақырымды құрайтын 18 көшені жарықтандыру бойынша энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жоба дайындау үшін ұсыныс жолданды.

Сейсмонығайту жұмыстары

2019 жылға дейін аудан аумағындағы 7 көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмонығайту жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы 2 көпқабатты тұрғын үйлерде Асқаров көшесі №43 үйде (100 пәтер) «Сиқым-Олжас» ЖШС (жоба құны - 6,5 млн тг) және 3 шағынауданы №3 үйде (90 пәтер) «Бірлік-КМ» ЖШС (жоба құны – 51 млн тг) сейсмонығайту жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2020 жылға өтпелі.
2020 жылы 3 шағынауданы №6 үй (90 пәтер) мен Абай даңғылы №33б көпқабатты тұрғын үйлерге (36 пәтер) сейсмонығайту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Темірлан тас жолы №30, Құрманбеков көшесі №32, Мангельдин көшесі №33, Гагарин көшесі №48 көпқабатты тұрғын үйлерге сейсмонығайтудың қажеттілігін анықтау үшін, зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағына қарасты білім беру нысандары туралы

Аудан аумағында 2019 жылы 4 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 1 мектеп пайдалануға берілді, атап айтқанда;
– Қызылжар шағынауданында 900 орындық мектеп құрылысы (пайдалануға берілді),
– Самал-3 шағынауданындағы №6 емхананың жанында 1200 орындық мектеп құрылысы,
– Самал-3 шағынауданында №87 орта мектепке қарсы бетте 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп құрылысы,
– №23 мектепке жапсарлас оқу корпусының құрылысы.
Мектептер саны – 36, оның ішінде оқушы- 57 634. Балабақшалар – 157 (29 мемл. 128 жеке) – 17 858 оқушы. Жоғары оқу орындары – 3, колледж – 9, студент саны – 30 076;

Денсаулық сақтау нысандары

Аудан аумағында жалпы 10 мемлекеттік медициналық ұйым, оның ішінде 6 емхана, 1 орталық аурухана, 1 офтальмологиялық аурухана, 1 эндокринологиялық диспансер және 1 ЖИТС орталығы жұмыс атқарады.

Ретсіз сауданы жою жұмыстары

Аудан аумағында орналасқан ретсіз сауданы жою жұмыстарын жүргізу мақсатында құзырлы органдармен өткізілген рейдтер нәтижесінде аудандық ЖПҚБ-ң тарапынан ретсіз сауда бойынша 2019 жылдың басынан әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204 «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» бабына сәйкес барлығы 621 хаттама толтырылған, оның 409-не ескерту берілді, 1 280 450 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндірілгені 145 250 теңге.
Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505 бабына яғни, «Қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елдімекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бабына сәйкес барлығы 119 хаттама толтырылған, оның 114-не ескерту берілді, 126 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жәрмеңке

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен және жәрмеңкеде жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық ЖПҚБ (жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің), ЖППП қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырып, Гагарин көшесі «1000 ұсақ-түйек» дүкенінің алдындағы алаңда әр сенбі сайын 40-қа жуық ауылшаруашылығы өнімдерін сататын жеке кәсіпкерлердің қатысуымен тұрақты түрде 2019 жыл басынан 48 рет жәрмеңке өткізілді.

Атаулы әлеуметтік көмек

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 Заңына сәйкес, Абай ауданы әкімі аппаратында 10 учаскелік комиссия құрылып, құрамына 51 адам тартылған.
2019 жылдың басынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің шартты және шартсыз ақшалай көмекке 33 158 отбасы өтініш білдірген.
Оның ішінде: учаскелік комиссиялардың шешімімен 26 011 мұқтаж, 7 147 мұқтаж емес деп танылды. Көмекке тапсырушылар саны 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 3,9 есеге көбейген.

«Біз біргеміз» акциясы

Аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында мемлекеттік және коммерциялық 245 нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, пандус орнату қажеттігі жайлы ескертпелер таратылды. Нәтижесінде, 71 нысан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құрылып, жалпы бейімделген нысан саны – 752 жетті.

Алқа

Абай ауданы бойынша «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің саны - 3 430 оның ішінде: 1297 «Алтын алқа», 2121 «Күміс алқа» иелері.
2019 жылдың басынан бері көпбалалы аналарға 29 алтын, 101 күміс алқа табысталды, 285 көп балалы аналардың құжаттары «Алтын» және «Күміс» алқаларымен марапаттауға ұсыныс жолданды.

Қайырымдылық іс-шаралар

2019 жылдың басынан жалпы 1886 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Оның ішінде:
– 440 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына мерекелік іс-шаралар барысында концерттік бағдарлама, зообаққа қыдырту, кинотеатрға бару шараларына қатыстырылды;
– 180 аз қамтылған отбасының балаларына «Мектепке жол» науқаны кезінде мектеп формасы мен кеңсе заттарымен қамтылды.
– 7 аз қамтылған, көпбалалы отбасылар «Менің кәсібім» атты әлеуметтік жобасына қатысып, депутаттардың демеушілігімен қажетті тігін машиналары, нан пісіру пештері, көлік жууға арналған техникалық құрал-жабдықтар, шикізаттармен қамтамасыз етіліп, өз жеке кәсіптерін ашуға мүмкіндік алды.
– 1259 отбасына аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, жетім балалар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған азық-түлік, киім-кешек, қатты отынмен, инфрақұрылыммен қамту бойынша қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Құқықбұзушылықтың алдын алу

Шымкент ПД Абай аудандық ПБ жергілікті полиция қызмет бөлімшесінде штат бойынша барлығы 132 қызметкерлерінен құралған.
Оның ішінде:
– жұмысты ұйымдастыру тобының инспекторлары - 1;
– учаскелік полиция инспекторлары - 92;
– кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары 35;
– әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы – 1.
Қылмыстардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 4461-тен 3590-ға төмендеп, 19,5 пайызға кеміген.
Аудан аумағында орналасқан орта мектептерде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жергілікті полиция қызметкерлерінің, психолог-дәрігерлердің қатысуымен барлығы 51 кездесу өткізілді.
Халық көп шоғырланатын орындарда кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүруін анықтау бойынша 77 түнгі рейдтер өткізіліп, рейдтің қорытындысымен 833 жасөспірімнің ата-аналарына хаттама толтырылды.

Ономастика

Аудан бойынша жалпы 1025 көшелер мен өткелдер бар. Оның ішінде атауы бар-761, атауы жоқ-264 көше. Атауы жоқ 154 көшеге атау беру және атауы қайталанатын 17 көшенің атауын өзгерту бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына ұсыныс беріліп, қалалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алып, республикалық ономастикалық комиссиясына жолданды.
Аудан аумағындағы 453 көпқабатты тұрғын үйге Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұсынған жаңа пошта индекстері мен QR-code көше аншлагтарын (тақтайшалар) орнатуға бюджеттен 5 млн. 708 мың теңге бөлініп, 906 тақтайшалар орнатылды.
Самал-3, Солтүстік-батыс, Құрсай және Қызылжар шағы аудандарындағы 103 көше қиылыстарына бағыттағыш белгілер орнатуға 3 млн теңге бөлініп, қаржы толық игерілді.
2020 жылға аудан аумағындағы 81 көшеге 6880 тақтайша орнатуға бюджеттен 20 млн 640 мың теңге қаржы бөлінді.

Мерекелік іс-шаралар

Мемлекеттік мерекелік іс-шараларды аудан аумағында атап өтуге 8 млн 137 мың қаржы бөлініп, 13 мерекелік іс-шара өткізілді.

Абай ауданының әкімі Ғ.Төлеповтың аудан тұрғындарының алдында
2019 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру
кездесулерінің
КЕСТЕСІ

           Кездесу өтетін орын

    Күні

Уақыты

1

№122 орта мектеп, «Ақжар»

тұрғын алабы,

Ғ.Мұратбаев көшесі, 5а

15.01.2020ж.

11-00

2

№81 жалпы орта мектеп, «Жаңаталап» тұрғын алабы, Т.Айдарқұл көшесі , 27

17.01.2020ж.

11-00

3

№52 мектеп-лицей, Қатынкөпір шағынауданы, Әл-Фараби көшесі,102

22.01.2020ж.

11-00

Шымкент қаласы Абай ауданы тұрғындарының ұсыныстарын, ескертулерін және ой-пікірлерін жинақтауды қамтамасыз ету үшін арнайы жәшіктер төмендегі мекенжайларда орнатылған.
Әлеуметтік желілер арқылы сын-ескертпелер мен өтініштер қабылдайтынын аудан тұрғындарының назарына ұсынады.
WhatsApp – тел.: 8-777-489-86-84, 53-03-16

 №

Мекен жайы

 

Абай ауданы әкімінің аппараты, Тауке хан даңғылы 3а,

 

Әкімшілік ғимарат, «Қатынкөпір» шағынауданы, Әл-Фараби көшесі, нөмірсіз

 

Әкімшілік ғимарат, «Қазығұрт» шағынауданы, К.Жандарбеков көшесі, 179

 

Последнее изменение Понедельник, 06 Январь 2020 05:03
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.