Версия для печати

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұловтың 2019 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының тезистері

Понедельник, 06 Январь 2020 04:44 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3172 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Еліміздің қарқынды дамуы мен өркендеуі жолында Президентіміз Қ.Тоқаев Қазақстан халқына өзінің Жолдауын арнады. Жолдаудың басты мақсаты – еліміздің экономикасының нығаюына бағытталған.
Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттау бойынша ағымдағы жылы басынан бастап 28 рет кездесулер өткізіліп, 25 000-нан астам тұрғын қамтылды.
Сонымен бірге, қазіргі Қазақстанның жаhандық рөлін айқындауға тірек болатын «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламаларын насихаттау бойынша аудан тұрғындарымен 14 кездесу өткізіліп, жалғасын табуда.

 каратау ауданы акими

Аудан аумағы

Аудан аумағында орналасқан 17 шағынаудан мен 13 тұрғын алапта 247 мыңнан астам халық тұруда.
Аудан көлемі 32 256 гектарды құрайды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Аудан бойынша 47 202 жеке тұрғын үй болса, оның 37 511 яғни, 79,5% тұрғын үй тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылса, 5 211 тұрғын үй, 11,2% – кесте бойынша, ал тасымал сумен қамтылғаны 4 431 үй, бұл – 9,3% құрайды.
Қазіргі уақытта, Сайрам тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағы тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта, Достық шағынауданында ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстары атқарылуда. Пайдалануға беру мерзімі 2020 жыл.
Ал, Тассай тұрғын алабы мен Тұран ш/а ауыз сумен қамту жұмыстары қаржы бөлінуне орай 2020 жылы атқарылатын болады.
Сонымен қатар, Асар-2 шағынауданын сапалы ауыз сумен қамтуға ЖСҚ әзірленген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Электр жарығымен қамту

Аудан аумағында жалпы – 47 202 тұрғын үй қоныстанған болса, оның 38 142 үй, яғни (80,8%) - қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансындағы, ал, 9 060 үй (19,2%) жекеменшіктегі электр трансформаторлары арқылы электр жарығын пайдалануда.
Сайрам т/а Тассай бөлімшесін сапалы электр жарығымен қамту жұмыстарына бюджет есебінен 93 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстарын "БАСБИЛДИНГ" мекемесі жүргізді. Бүгінгі таңда 250 отбасы сапалы электр жарығымен қамтылды.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і тарапынан инвеститициялық бағдарламасына сәйкес қайта жаңғырту (модернизация) аясында Орманшы тұрғын алабындағы 250 абонентке жаңа электр сымдары мен бағаналы орнатылып, тұрғындар сапалы электр жарығымен қамтылды.
Қазіргі уақытта, шағынауданы мен Тассай тұрғын алабында электр желілерінің құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
Сонымен қатар, Асар-2, Достық шағынаудандары мен Тассай,
Шапырашты, Өтеміс тұрғын алаптарын сапалы электр электр желілерінің құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
Ал, Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында «Береке» мекемесі тарапынан әзірленген жоба, сараптама қарауында. Сараптама қорытындысы негізінде құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджетке ұсыныс беріледі.
Қазіргі уақытта, Бозарық шағынауданы аумағынан «Шымкент қаласы Бозарық ПС220/110/10кВ қосалқы стансасының» құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталуына орай, аудан аумағындағы шағынаудандар толық сапалы электр жарығымен қамтылатын болады.

Табиғи газбен қамту

Ауданымыздағы жалпы – 47 202 тұрғын үйдің 35 083 яғни 74,3% табиғи газбен қамтылған болса, ал қамтылмағаны – 12 119 үй, бұл 25,6% құрайды.
Бүгінгі таңда Бозарық саяжайын табиғи газбен қамту құрылыс жұмыстары аяқталып, абоненттеу жүргізілуде.
Сайрам т/а Тассай бөлімшесіндегі 250 үйді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Арсенал Юг» мекемесі тарапынан жүргізілуде. Қазіргі уақытта, Асар-2, Достық, Тұран, Тассай шағынаудандарын табиғи газ жүйелеріне қосу мақсатында, жобалар әзірленуде. Алайда, Шымкент қаласында табиғи газ қысымының жетіспеуіне байланысты жобалар уақытша тоқтатылуда.
Осыған орай, қала аумағында табиғи газбен қамту мәселесін шешу мақсатында «АГТС-3» (АГРС-3) стансасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мердігер мекеме анықталуына орай, құрылыс жұмыстары басталады.

Аумақтарда санитарлық тазалықты сақтау

Санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 10 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.
2019 жылы жоғарыда аталған жұмыстарды атқаруға 238,6 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда «ҚазақСтройЖол» ЖШС тарапынан аудан аумағындағы 8900 куб күл-қоқыс шығарылып, 2 470 шақырым ирригациялық жүйелерді тазалау, 24 000 ағаш түбін әктеу, 1 200 ағашты санитарлық қырқу және 686 гектар аумақтың қураған шөбін ору жұмыстары атқарылды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары

Ауданда бей-берекет қоқыс жиналуына жол бермеу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, аудан бойынша 2018 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші - 97%. Аталған көрсеткішті 100 % жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, аудан аумағында жыл басынан 28 рет сенбіліктер ұйымдастырылды. Оған 15 мыңға жуық тұрғындар мен мекеме қызметкерлері қатысты.
2019 жылы «Таза қала» акциясына аудан бойынша «Үлгілі аула» номинациясына 31 көп қабатты тұрғын үй және «Үлгілі көше» номинациясына елді мекендерде орналасқан 21 көше комитеттері өтінім білдіріп, конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Аудан аумағындағы негізгі көшелерде орналасқан нысандардың қоршауларының қасбеттерін ретке келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 200 нысанның қасбеттері ретке келтірілді.

Жолдар құрылысы

Аудан аумағында жалпы ұзындығы – 1 110 шақырымды құрайтын – 1 272 көше бар. Оның 481 шақырымы, яғни, 375 көше – асфальт, 518 шақырымы, 751 көше – шағал тас, ал, 110 шақырымы топырақ көшелер, бұл – 146 көше.
Ағымдағы жылы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жалпы 15 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Достық шағынауданындағы ұзындығы 15,1 шақырым болатын 10 көшенің құрылыс жұмыстары аяталып, қолданысқа берілді. Ал, Нұртас шағынауданы мен Тассай тұрғын алабындағы көшелердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек, Достық, Қайтпас, Асар-2 шағынаудандары мен Қайнарбұлақ саяжайы, Орманшы, Мәртөбе, Қайнарбұлақ тұрғын алаптарындағы жалпы ұзындығы 13,9 шақырым 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 5,7 шақырым болатын 8 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталды. Қалған 8,2 шақырым болатын 4 көшенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта, Тұран шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге баратын №1, №2 және №7 көшелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ал, Сайрам т/а облыстық маңызы бар 4 көшеде 2018 жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылдың соңында пайдалануға берілетін болады.
Қаратау ауданындағы жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайтын 72 топырақ көшелерге шағал тас төселді. 2020 жылы барлық топырақ көшелерге толығымен шағал тас төселетін болады.

Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мәселелері

Көп қабатты тұрғын үйлерге 6 сервистік мекеме қызмет көрсетуде. Осы мекемелер тарапынан кіреберістер мен баспалдақтарды тазалау, жертөледегі жиналған суды шығару, үй ауласын тазалау, жертөледегі инженерлік жүйелерді күтіп-ұстау жұмыстары атқарылуда.

Жылумен қамтамасыз ету

Ауданда жалпы 395 көп пәтерлі тұрғын үй болса, оның 315 көп қабатты үйлер орталық жылу жүйесінен, ал 61 автономды жылу жүйесін тұтынады. Қысқы жылу маусымына көп қабатты үйлерді дайындау жұмыстарын «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС, «Алиаскар Б.А.М. Group» ЖШС, «Исабаева» ЖК, «Коммунал сервис КО» ЖШС және «Шымкент Сити» басқарушы мекемелері жүргізіп, жылуға толық қосылды.

Аумақты абаттандыру жұмыстары

Қаратау ауданы аумағында жалпы 352 көп қабатты тұрғын үй 152 аулаға біріктірілген. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 57 аулаға біріктірілген 139 көп қабатты тұрғын үй аулаларына заманауи үлгідегі сапалы балалар ойын алаңдары және спорттық жаттығу тренажерлары мен 19 ашық спорт алаңшаларын орнату мен күтіп ұстау жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Бай-Болашақ» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Самұрық траст» корпоративтік қорының демеушілігімен Мирас шағынауданындағы бос жер теліміне әмбебап балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшасы салынды.

Аяқжолдар мен аялдамалар орнату жұмыстары

Аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын Тассай тұрғын алабындағы 2 көшеге аяқжол салынды.
Сонымен бірге, аудан аумағындағы Нұрсәт, Азат, Достық, Бозарық, Ақжайық, Қайтпас, Нұртас шағынаудандары мен Қайнарбұлақ, Тассай, Таскен, Өтеміс, Шапырашты тұрғын алаптарындағы 66 орынға жаңа аялдама орнатылды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары

Аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлер мен көше бойларында қылмыстардың алдын алу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, 67 орынға бейнебақылау камераларын орнатуға, қалалық полиция департаментіне ұсыныс жолданды. Бейнебақылау камералары қаржы бөлінуіне орай орнатылатын болады.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы орталық маңызы бар 79 көшені жарықтандыруға ұсыныс берілген. Нәтижесінде, Ақжайық ш/а – 3 көше, Қайнарбұлақ саяжайы – 1 көше, Қайтпас ш/а – 2 көше, Орманшы т/а – 2 көше, Шапырашты т/а – 2 көшені жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп бюджетке ұсынылды.

Ретсіз сауда орындары мен жарнамаларды реттеу

Аудан аумағында ретсіз сауда орындарын болдырмау және алдын алу мақсатында Қаратау ауданы ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесе тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы қызметкерлерімен бірлесе аудан аумағындағы заңсыз жарнама иелеріне тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдың қала келбетіне сай келмейтін 575 заңсыз жарнама анықталып ретке келтірілді.
Аудан аумағындағы белгіленбеген орындарда орналасқан дүңгіршектер мен киіз үй иелеріне құзырлы мекемелердің қызметкерлерімен бірлесе түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы өз бетінше орналасқан 21 дүңгіршек және 2 киіз үй иелері өз еріктерімен алып тастады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұтыну бағасын тұрақтандыру

Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, аудан аумағындағы 16 ірі сауда үйлерінде мониторинг жүргізіліп және әр аптаның жексенбі күндері Нұрсәт ш/а «Рахима-плаза» сауда үйінің жанында 175 кәсіпкердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізілуде. Ағымдағы жылдың осы күніне дейін, 52-рет жәрмеңке ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Түркістан облысы Төле би, Түлкібас, Қазғұрт, Созақ ауданы әкімдіктерімен азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында келісіп, аудан аумағында көшпелі сауда орындары ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету және заң талаптарына сай құқықтарын түсіндіру және «Мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер» тақырыбында 35 рет жиналыстар ұйымдастырылды.
2019 жылы Қаратау ауданы аумағында 82 кәсіпкерлік нысан ашылып 586 адам жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ, Қаратау ауданы аумағынан – бұқашық бордақылау, сиыр сүтіне, тағамдық жұмыртқа, асыл тұқымды бұқа және ІКМ селекциялық және асылдандыру жұмыстары үшін 16 кәсіпкер мемлекет тарапынан субсидия алды.
«Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ-ның және Шымкент қаласының кәсіпкерлік индустриалды-иновациялық даму басқармасының 2019-2021 жылдарға арналған «Мен кәсіпкер боламын» атты әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында Қаратау аудан аумағынан 200 орын ұсынылды.

Қайырымдылық іс-шаралары

Аудан аумағында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына, жетім балалар үйіне және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қайырымдылық іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Жалпы 2019 жылдың Қаратау ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, демеушілердің көмегімен 468 отбасыға азық түлік, көмір және құрылыс заттарымен көмек көрсетілді және №4 балалар үйіне жылу құбырлары мен 15 рет мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Нысандардың қасбетін ретке келтіру

Аудан аумағындағы негізгі көшелерде орналасқан нысандардың қоршауларының және кәсіпкерлік нысандардың қас беттерін ретке келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, 2019 жылдың 236 нысан ретке келтірілді.
Кәсіпкерлік нысандарының алдыларына қоқыс құтыларын қою қажеттілігі түсіндіріліп, 345 құты қойылды.

Білім саласы

Ауданда аумағында «Білім күні» қарсаңында Таскен т/а №115 негізгі орта мектеп орнына 300 орындық мектеп, Нұрсат т/а, 1200 орындық мектеп және ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Асар» ш/а «Шымкент сити» қалашығында мемлекттік бағдарламамен берілген үйлер жанында 1200 орындық мектеп пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде, ауданымызда 3 ауысымдық оқыту мәселесі біртіндеп өз шешімін табатын болады.
Сонымен қатар, «Тұран» және «Асар-2» ш/а 1200 орындық мектептер құрылысын жүргізілуде, 2020 жылы пайдалануға берілетін болады.

Денсаулық сақтау саласы

Аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтылған өтініштер негізінде Қайнарбұлақ, Бозарық саяжайларында және Ақжайық, Тұран шағынаудандарында отбасылық дәрігерлік амбулаторилар салынып, 2018 жылы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Ақжайық ш/а медициналық жедел жәрдем қызмет көрсету бекеті ашылып, жақын маңдағы елдімекендерге де қызмет көрсетуде.
Ал, Нұртас ш/а құрылысы 2017 жылы басталған 500 адамға арналған қалалық емхананы 2020 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Әлеуметтік сала

2019 жылдан бастап Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде Жаңа форматтағы «Атаулы әлеуметтік көмек» жүзеге асырылуда.
Осы көмекті алуға құжат тапсырған 27677 отбасының 24859-на оң қорытынды берілсе, бір реттік әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырған 489 отбасының 481-не оң қорытынды берілді. Сонымен қатар, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қаратау ауданына көшіп келген 311 отбасының 281-не комиссияның оң шешімі берілді.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат

«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасына сәйкес, аудандық әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссиясымен аудан көлемінде 23 іс-шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, 2019 жылы аудандағы көп балалы аналарымызға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен  25 – «Алтын алқа», 108 – «Күміс алқа» табыс етілді.

Мерекелік іс-шаралар

Аудан белсенділері мен тұрғындардың қатысуымен ағымдағы жылы 11 мерекелік іс-шара өткізілді.
«Ұлы Жеңіс» күні қарсаңында ауданымыздың 150-ге жуық Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне арнайы дастархан жайылып, марапаттар мен мерекелік сыйлықтар табысталды.
Барлық ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар БАҚ беттерінде жарияланды.

Ономастика және тілдерді дамыту

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен көшелерге кісі есімін беру тоқтатылған (мораторий). Алайда, жер-су, таулардың, табиғи көріністердің атауларын беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін, аудан аумағындағы көшелерге атау беру мәселесі бойынша тұрғындармен өткізілген жиналыстардың хаттамалары толтырылып, 287 көшенің құжаттары қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына жолданды.
Ал ауданымыздағы атауы жоқ 81 көшеге атау беру бойынша тиісті жұмыстар жалғасын табуда. Сонымен бірге, ауданымыздағы көп қабатты 319 тұрғын үйге «QR-code» үлгісіндегі тақтайша орнату жұмыстары атқарылды.
Сонымен қатар, жаңақұрылыс аумағындағы 14 аялдамаға атау беру бойынша тұрғындармен хаттамалар толтырылып, Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүгінгі күн талабы және ол әрбір азаматтың міндеті. Осы мақсатта «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі» іс-шара жоспарына сәйкес, құзырлы мекемелермен бірлесіп 10 дөңгелек үстел, 7 семинарлар 176 құқықтық сабақ өткізілді. Іс-шаралар барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

Дін саласы

Аудан аумағында жалпы 41 діни бірлестіктер тіркелген. Оның 38-і исламдық (20 жұма оқылатын мешіттер, 18-і жұма оқылмайтын мешіттер), 3-і исламдық емес діни бірлестіктер. 2019 жылы Қаратау ауданы бойынша «сәләфилік» ағымын жақтаушылардың жалпы саны- 67, лидерлері-4 азамат. Діни экстремизмнің, кереғар діни ағымдар мен секталар іс-әрекетін алдын-алу мақсатында 2019 жылы жоғарғы және орта оқу орындары студенттері мен оқушылар және тұрғындар арасында 52 дөнгелек үстелдер мен семинар кездесулер ұйымдастырылды.

Қаратау ауданы әкімі аппаратының алдағы уақытта жоспарланып отырған 5 маңызды міндеттері

1. Қазақстан Республикасы
Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа арналған Жолдаулары мен бағдарламаларын кеңінен насихаттау, басым бағыттары бойынша жұмыс жүргізу;
2. «2020 жыл – Еріктілер жылы» болып жариялануына орай, аудандағы дарынды, ерікті жастарды қолдау мақсатында түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру;
3. 2020-2025 жылдарға арналған «Қаратау ауданы аумағындағы тұрғын алаптар мен шағынаудандардағы туындаған өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» бойынша жұмыстарды уақытылы атқару;
4. Өскелең ұрпаққа білім, тәрбие, отансүйгіштікке баулу, салауатты өмір салтын ұстану жұмыстарын жалғастыру;
5. Ауданның санитарлық тазалығын тұрақты түрде қамтамасыз ету және аулаларды абаттандыру.
6. Шымкент 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы, Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Шымкент қаласының 2200 жылдығы аясында жоспарланған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу.
Құрметті аудан тұрғындары! Алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Атқарылған істер аз емес, бірақ алда атқарылатын істер одан да көп.
Сондықтан халықтың әл-ауқатының артуы үшін сіздермен біздер болып жұмыла жұмыс жасауға шақырамын.

Қаратау ауданының әкімі А.Аликуловтың аудан тұрғындарының
алдында есеп беру кездесулерінің 
КЕСТЕСІ
 

     Кездесу өтетін орын

     Күні

     Уақыты

1.

№70 жалпы орта мектебі, Шапырашты тұрғын алабы, С.Бекбосынов атындағы Б.Төлебаев көшесі №39

17.01.2020 ж.

         11-00

2.

№89 мектеп-лицейі, «Асар» шағын ауданы,

н/з

21.01.2020 ж.

         11-00

3.

№72 жалпы орта мектебі, «Нұртас» шағын ауданы, н/з

24.01.2020 ж.

         11-00

 

Шымкент қаласы Қаратау ауданы тұрғындарының ұсыныстарын, ескертулерін,  
ой-пікірлерін жинақтауды қамтамасыз ету үшін арнайы жәшіктер
төмендегі мекен-жайларда орнатылсын:

   №

                                  Мекен-жайы

1.

«Нұрсәт» шағынауданы, Бәйдібек би даңғылы №60, Қаратау ауданы әкімі аппаратының ғимараты,

2.

«Қайнарбұлақ» тұрғын алабы, №106 жалпы орта мектебі,  Ә.Бөлешов көшесі №31/1

3.

Шапырашты тұрғын алабы, С.Бекбосынов атындағы №70 жалпы орта мектебі, Б.Төлебаев көшесі №39

4.

«Нұртас» шағынауданы, Алматы тас жолы н/з, № 72  жалпы орта мектебі

5.

«Асар» шағынауданы, уч. №2001,  №89 мектеп-лицейі

6.

«Сайрам» тұрғын алабы, Ә.Темір көшесі н/з, Қаратау ауданы әкімі аппаратының ғимараты

Последнее изменение Понедельник, 06 Январь 2020 04:53
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.