Версия для печати

Еңбекші ауданы әкімінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылдың 15-17 қаңтарында аудан тұрғындарына есепті кездесу барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарына жауаптары 2019 жыл IV тоқсан

Понедельник, 06 Январь 2020 04:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1828 раз
Оцените материал
(0 голосов)

1. Е.Түктібаев – «Тоғыс»тұрғын алабының тұрғыны, ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Сұрақ: «Тоғыс» тұрғын алабындағы №120 мектепке қосымша 300 орындық ғимарат салуды сұраймыз.
Жауап: Шымкент қаласының құрылыс басқармасының мәліметіне сәйкес:
«Тоғыс» тұрғын алабындағы №120 мектепке қосымша 300 орындық ғимарат салу бойынша мемлекеттік сатып алу процедурасы өткізіліп, мердігер мекеме анықталды, қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізу 2020 жылы жоспарлануда.

2. Л.Қожагелдиева - «Ұлағат» шағынауданы, Майбұлақ көшесі, №12 үй тұрғыны:
Сұрақ: «Ұлағат» шағынауданында мектеп құрылысы қашан жүргізіледі?
Жауап: Шымкент қаласының жер қатынастары және білім басқармаларының мәліметіне сәйкес: «Ұлағат» шағынауданынан 900 орындық мектепке қажетті жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

3. Ү.Ұлықбек – «Қарабастау» тұрғын алабының тұрғыны, «Өзге пікір» газетінің тілшісі:
Сұрақ: Қ.Молдабекұлы (1100м) көшесін жөндеп берсеңіздер?
Жауап: Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәйкес: Қарабастау тұрғын алабының Қ.Молдабекұлы (бұрынғы Бойыт ата) көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары 2020 жылға жоспарлануда.

4. Г.Жәнібеков – «Бадам» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: «Бадам» шағынауданында қалған көшелерге асфальттау жұмыстары қашан жүргізіледі?
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес: Шымкент қаласы, Бадам шағын ауданы Замана, Ғажайып (уч.№1, №2), Шамшырақ, Несібе-1, Несібе -2, Жасын, Жаңару, Бақыт ана, Өнеге, Сарыарқа, Үшқұдық (уч. №1, №2), Керемет, Керемет-1 көшелеріне, Еламан шағын ауданының Еламан (1,2,3) көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары 2020 жылға жоспарлануда. Ағымдағы жылы Сарыарқа, Үшқұдық, Жаңару көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

5. Ю.Гулиходжаев – «Қаратөбе» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: Біздің тұрғын алаптағы Ақтөбе, Қарабаев, Абдықадыр ата көшелерін асфальттап берсеңіздер.
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес: Қаратөбе тұрғын алабының Абдықадыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына 2020 жылы 35781,0 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылатын болады. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес: Шымкент қаласы бойынша 2019-2023 жылдарға жол жөндеу жұмыстарына бекітілген іс шара жоспарына сәйкес, Қаратөбе тұрғын алабының И.Қарабаев, Ақтөбе көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында, ағымдағы жылы жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

6. К.Бөрікбаева Еламан шағынауданының 8 а үй тұрғыны:
Сұрақ: Шукуров көшесінен кейінгі Еламан көшесінде асфальт төселмеген 2 шақырым жолды асфальттап берсеңіздер?
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес: Бадам шағын ауданы Замана, Ғажайып (уч.№1, №2), Шамшырақ, Несібе-1, Несібе-2, Жасын, Жанару, Бақыт ана, Өнеге, Сарыарқа, Үшқұдық (уч. №1, №2), Керемет, Керемет-1 көшелеріне, Еламан шағын ауданының Еламан (1,2,3) көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 357,4 млн теңге қаралды.
Аталған көшелерге және Еламан көшесіне жөндеу жұмыстары 2020 жылыжоспарланып отыр.
Сұрақ: Осы көшеден №127 жалпы орта мектепке баратын жолға түнгі жарық шамдарын орнатып берсеңіздер.
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: Еламан-Шүкіров көшелерін жарықтандыруға жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындауға қаржы қарастыру 2020 жылы жоспарлануда.

7. Х.Джамалова – Е.Юсупов атындағы №104 мектептің директоры:
Сұрақ: Е.Юсупов көшесінде орналасқан №104 мектепке баратын жолға аяқ жол салу қажет.
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес: Базарқақпа тұрғын алабының Е.Юсупов көшесіне аяқ жол орнату жұмыстарына сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттен 9,3 млн теңге қаржы бөлінді.

8. Н.Ержанова – «Тоғыс» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: «Тоғыс» тұрғын алабы, Мұнайбарлаушылар көшесіндегі асфальттің тозығы жетіп қолайсыз жағдай туғызуда, осы көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес: Тоғыс тұрғын алабының Мұнайбарлаушылар көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына 54,3 млн теңге қаржы бөлінді.

9. П.Худайбергенов – «Бадам-1» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: Е.Исраилов, Н.Ирисбеков, Набережная көшелеріне аяқ жолдар салуды сұраймыз?
Жауап: Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәйкес: Бадам-1 тұрғын алабының Е.Исраилов және Н.Ирисбеков көшелеріне аяқ жол орнату жұмыстарына сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттен 84,3 млн теңге қаржы бөлінді. Бадам-1 тұрғын алабының Набережная көшесіне аяқ жол орнату жұмыстарына сметалық құжаттар әзірлеуге тапсырыс берілді. Жұмыстар бюджеттен қаржы қаралған жағдайда атқарылады.

10. Е.Беккусов - «Бадам» тұрғын алабы Ғажайып көшесі 9/1 үй тұрғыны:
Сұрақ: «Бадам» тұрғын алабындағы Ғажайып көшесін және сол секілді қысқа көшелерге асфальттау жұмыстарын жүргізіп берсеңіздер.
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес: Шымкент қаласы, Бадам шағын ауданы Замана, Ғажайып (уч.№1, №2), Шамшырақ, Несібе-1, Несібе-2, Жасын, Жанару, Бақыт ана, Өнеге, Сарыарқа, Үшқұдық (уч. №1, №2), Керемет, Керемет-1 көшелеріне, Еламан шағын ауданының Еламан (1,2,3)көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге - 357,4 млн теңге қаралды.

11. Е.Төлегенов – «Бадам-2» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: «Бадам-2» тұрғын алабында 130-дан астам үйге сапалы ауыз су жүйесі тартылмаған, осыған байланысты жаңа жүйе құрылысын жүргізіп берсеңіздер?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: Бадам-2 ш/а ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігер мекеме «Лидер Строй Проект» ЖШС-ы жауапты. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 177,0 млн теңге қаралып, құрылысы 2020 жылға өтпелі.

12. А.Арзықұлов – «Бадам -1» тұрғын алабының тұрғыны, зейнеткер:
Сұрақ: «Бадам-1» тұрғын алабындағы 34 үйге сапалы ауыз су жүйесі тартылмаған, осыған байланысты жаңа жүйе құрылысын жүргізіп берсеңіздер?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: Бадам-1 ш/а ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Лидер Строй Проект» ЖШС-ы жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 177,0 млн теңге қаралып, құрылысы 2020 жылға өтпелі.
Сұрақ: «Базарқақпа» және «Бадам-1» тұрғын алаптарындағы электр бағаналары мен желілері ескі, тозығы жеткен, сол себептен электр бағаналарын және желілерін ауыстыру қажет.
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: Электр бағаналарын және желілерін ауыстыру бойынша 2019 жылы Республикалық бюджеттен 250,0 млн теңге қаралып толығымен игерілген. 2020 жылы 299,3 млн теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары 2020 жылға өтпелі.

13. Г.Еркебаева – Толстой көшесі №121А-20 үй тұрғыны:
Сұрақ: Біздің аулаға абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату қажет.
Жауап: Толстой көшесі №121А көпқабатты үй ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарына қаржы бөлінді. 2020 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

14. Е.Түктібаев – «Тоғыс» т/а тұрғыны:
Сұрақ: Бадам өзені жағалауында су шаю қаупінің алдын алынса?
Жауап: Шымкент қалалық және Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар департаметінің, Шымкент «Сушар» МКМ-нің Еңбекші ауданы әкімінің аппаратының, Қазселденқорғау ММ-нің және жобалушы мекеме «Корпорация Асыл-Строй» ЖШС-ның мамандарының қатысуымен «Бадам» өзені бойындағы су шайылған жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ақау актісі түзіліп, жоба әзірлеуге қаржы бөлу үшін Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан ұсыныс енгізілді.

15. Ү.Ұлықбек – «Қарабастау» тұрғын алабының тұрғыны, «Өзге пікір» газетінің тілшісі:
Сұрақ: Біздің тұрғын үйлерді электр қуатымен қамтамасыз ететін трансформатор 40 жыл бұрын қойылған және қуаттылығы 50 тұрғын үйге арналған, алайда қазіргі таңда аумағымызда 300-ден аса тұрғын үй болуына байланысты трансформатордың қуаттылығы жетпей, жарық жиі сөнеді. Аталған мәселені шешіп берсеңіздер?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: «Шымкент қаласы Қарабастау, Қаратөбе (Базарқақпа), Жыланбұзған, Бадам-1 елдімекендерінде 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылысы» нысанының құрылысына 2019 жылға 250,0 млн теңге, 2020 жылға 299,4 млн теңге қарастырылған. Нысанның аяқталу жұмыстары 2020 жылдың соңына дейін қарастырылуда.

16. Н.Джанибеков – 2-3 Көксай шағынауданының көше комитеті төрағасы:
Сұрақ: Ж.Нұрлыбаев көшесіне түнгі жарық шамдарын орнатып берсеңіздер?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: Ж.Нұрлыбаев көшесіне түнгі жарық шамдарын орнатуға 2020 жылы қаржы қарастырылған, құрылысы 2020 жылдың 2-тоқсанында жүргізілетін болады.

17. Н.Ержанова – «Тоғыс» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: «Тоғыс» тұрғын алабы, Мұнайбарлаушылар көшесін жарықтандыруды сұраймыз?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: Мұнайбарлаушылар көшесін жарықтандыруға түнгі жарық шамдарын орнатуға 2020 жылы қаржы қарастырылған, құрылысы 2020 жылдың ІІ-тоқсанында жүргізілетін болады.

18.Ж.Жанарова - «Базарқақпа» тұрғын алап тұрғыны, ауыл биі:
Сұрақ: «Базарқақпа» тұрғын алабының Жанаров, Жамалова көшелерін жарықтандыруды сұраймын?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: Жанаров және Жамалов көшелерін жарықтандыру, түнгі жарық шамдарын орнатуға 2020 жылы қаржы қарастырылған,қ ұрылысы 2020 жылдың ІІ-тоқсанында жүргізілетін болады.

19. О.Кенжаев – Шаңырақ ш/а тұрғыны:
Сұрақ: «Шаңырақ» шағынауданының көшелеріне жарықтандыру жұмысы жүргізілсе?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: «Шаңырақ» шағынауданындағы Шымқорған көшесін жарықтандыру жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу 2020 жылы жоспарлануда.

20.Сұрақ: «Абдулабад», «Тұрдыабад» тұрғын алаптарындағы электр бағаналары мен желілері ескі, тозығы жеткен, сол себептен электр бағаналарын және желілерін ауыстыру қажет.
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: Абдулабад, Тұрдыабад тұрғын алаптарындағы электр жүйелерінің құрылысына сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленді. 2020 жылы бюджеттің кезекті нақтылау барысында ЖСҚ әзірлеуге бюджеттік өтінім беріледі.

21. М.Қаратаев – «Айнатас» тұрғын алап тұрғыны, кәсіпкер:
Сұрақ: «Айнатас» тұрғын алабының орталық көшесі жарықтандырыл са?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: «Айнатас» тұрғын алабының орталық көшесін жарықтандыруға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге, қаржы қарастыру 2020 жылы жоспарлануда.

22. Г.Жәнібеков – Бадам тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: Ә.Кенесарин көшесіне түнгі жарық шамдарын орнатты, алайда жарыққа қоспады, жұмыстар қашан аяқталады?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес:Кеңесары көшесін Түркістан облыстық ЖКжАЖ басқармасы мен қалалық ЖКжАЖ басқармасының теңгерімінен ЭжКШ басқармасының теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жарықтандыру жүйесін уақытша қосу жұмыстары жүргізілуде.

23. Б.Бескемпіров – «Жалын» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: «Жалын» тұрғын алабының жекеменшік электр жүйесінің орнына сапалы электр жүйесін жүргізіп берсеңіздер.
Жауап: Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәйкес: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан Жалын тұрғын алабының электр жүйелерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жобалаушы мекеме – «Улмад» ЖШС-ы. Мемлекеттік сараптама қортындысын алу 2020 жылға қаңтар айына жоспарланған.

24. Б.Алимбеков – Қойкелді батыр көшесінің көше комитет төрағасы:
Сұрақ: Қойкелді батыр көшесін жарықтандыру жұмысы жүргізілсе?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: Қойкелді батыр көшесін жарықтандыру бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп қажеттілігіне қарай ЖСҚ-ын әзірлеу басқарманың 2020-2025 жылдардың жұмыс жоспарына енгізілетін болады.

25. Ж.Жанарова – «Базарқақпа» тұрғын алап тұрғыны, ауыл биі:
Сұрақ: №98 мектебінде оқитын жасөспірімдердін қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында баратын жолға жаяу жүргіншілер жолағын (зебра) сызуды сұраймын?
Жауап: Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәйкес: Қаладағы жол таңбаларын сызуға 2020 жылға 251,4 млн теңге қаржы қарастырылған.

26. Х.Джамалова – Е.Юсупов атындағы №104 мектептің директоры:
Сұрақ: Оқушылардың қауіпсіздіктерін сақтау мақсатында №104 мектепке баратын Ю.Сареми және Е.Юсупов көшелерінің қиылысына жасанды жол кедергісін орнатып берсеңіз?
Жауап: Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәйкес: Қаладағы жол таңбаларын сызуға 2020 жылға 251,4 млн теңге қаржы қарастырылған.

27. И.Эргешов – «Абдулабад» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: «Абдулабад» тұрғын алабындағы орталық көшесіне «Алем Транс Жол» ЖШС-ы тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, алайда аялдамалар қарастырылмаған, сол себептен қоғамдық көліктер тоқтау кезінде апатты жағдайлар туындауда?
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес: Облыстық маңызы бар КХ-82 автожол қазіргі таңда, Түркістан облысы ЖК және АЖ басқармасы тарапынан қайта құру жұмыстары атқарылуда. Атқарылатын жұмыстардың ішінде аяқ жол салу сонымен қатар, мектептерге баратын көшелерге аяқ жол салу, жол кедергілері және аялдама орнату жұмыстары қарастырылған.

28. Қ.Ешполова – «Бадам-1» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: «Бадам-1» тұрғын алабындағы Мукуми атындағы №105 мектептің ескі ғимаратын бұзуға ықпал етуіңізді сұранамын.
Жауап: Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметіне сәйкес:
«Бадам-1» тұрғын алабындағы Мукуми атындағы №105 мектептің ескі ғимаратын бұзу келесі жылы жүргізіледі.

29. Г.О.Иргибаева – «Жұлдыз» тұрғын алабы, Ю.Гагарин көше комитет төрайымы:
Сұрақ: «Жұлдыз» тұрғын алабының орталықтандырылған кәріз жүйесін жөндеу мәселесін шешіп берсеңіздер?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: «Жұлдыз» тұрғын алабын орталықтандырылған кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында, жобалау жұмыстарына қаржы қаралып, жобалау жұмыстары басталған. Алайда, жобалаушы мекеме тарапынан өз міндеттерін орындамауына байланысты, сотқа талап арыз жолданып, сот шешіміне сәйкес «АДТ Сервис» ЖШС-сын жобаны аяқтауға міндеттеді.

30. Ж.Жанарова – «Базарқақпа» тұрғын алабының тұрғыны, ауыл биі:
Сұрақ: «Базарқақпа» тұрғын алабындағы кәріз жүйесі қашан пайдалануға қосылады?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: Магистралдық кәріз жүйесінің істен шығуына байланысты «Базарқақпа» тұрғын алабындағы кәріз жүйесін қосу мүмкіншілігі жоқ. Қазіргі таңда жаңа магистралдық кәріз жүйесін орнатуға ЖСҚ әзірлеу үшін қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан техникалық шарттары мен сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленді. Бюджетті нақтылау отырысына қаржы бөлуге ұсыныс енгізіледі.

31. Т.Темірбеков – «Тоғыс» тұрғын алабының тұрғыны, Қазығұрт аумағы бойынша төбе биі, зейнеткер:
Сұрақ: «Маятас», «Тоғыс» тұрғын алабындағы Бадам өзенінен өтетін көпір апатты жағдайда. Осы көпірге жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі?
Жауап: Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәйкес: «Маятас» тұрғын алабындағы көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарына 2020 жылы 151,1 млн теңге, «Тоғыс» тұрғын алабындағы Бадам өзенінен өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарына 142,9 млн теңге қарастырылған.

32. О.Кенжаев – «Шаңырақ» ш/а тұрғыны:
Сұрақ: «Шаңырақ» шағынауданындағы Шымқорған, Ақорда көшелеріне ирригациялық арықтар жүргізілсе?
Жауап: Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес: Шымқорған және Ақорда көшелеріне ирригациялық арықтар орнату бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп қажеттілігіне қарай ЖСҚ-ын әзірлеу басқарманың 2020-2025 жылдардың жұмыс жоспарына енгізілетін болады.

33. А.Байдалиева – «Теріскей» ш/а №61 үй комитет төрайымы:
Сұрақ: «Теріскей» ш/а №61 көпқабатты үйдің жолымен жүру мүмкін емес, жолды жөндеп және ирригациялық жүйе орнатып берсеңіздер екен.
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес: Теріскей ш/а №61 үй ауласындағы асфальт қабатына, аяқ жолдарына, ирригациялық жүйелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 2020 жылға 18,3 млн теңге қарастырылған.

34. Х.Сайпова – Ж.Аймауытов көшесі №109 үй тұрғыны:
Сұрақ: «Жаңа ішек» каналының кейбір жерлеріне бетондау жұмыстары жүргізіліп, кейбір жерлері қалып кеткен. Осы қалып кеткен жерлерге бетондау жұмыстары жүргізіледі ме?
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес: «Жаңа шек» каналына күрделі жөндеу жұмыстарына 2020 жылғабюджеттен 397,5 млн теңге қаржы қарастырылған, жұмыстар 2020 жылдың мамыр-маусым айларында жоспарланып отыр.

35. С.Төлеубаев – поликлиника «Чапаевка» ӨК-нің төрағасы:
Сұрақ: 2016-2017 жылдары аралығында «Оңтүстік» шағынауданында жүргізілген кәріз жүйесі қашан іске қосылады?
Жауап: Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес:
Оңтүстік шағынауданының кәріз жүйелерінің құрылысы (абоненттерді іске қосу) нысаны бойынша «Торлан құрылыс» ЖШС-ы тарапынан құрылыс жұмыстарына 2018 жылы жүргізуге 500,0 мың теңге қаржы қаралған. Жұмыстарды жүргізуге 2019 жылы қаржы қарастырылмады. 2020 жылы қаржы бөлуге бюджетке тапсырыс беріледі.

36.А.Исраилов – «Базарқақпа» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: Базарқақпа тұрғын алабындағы «Қаратөбе клубы» апатты деп танылған, осы клубтың орнына бізге жаңадан мәдениет сарайын салдырып берсеңіздер?
Жауап: Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәліметіне сәйкес: «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы МКҚК қарасты «Қаратөбе клубы» 1986 жылы күрделі жөндеуден өткен. 12.09.2016 жылы «Конструктор-80» ЖШС-ы сараптама қорытындысына сәйкес, ғимарат жарамсыз деп танылды. Қазіргі таңда аталған клубты бұзып, жаңадан салу үшін Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы тарапынан 2020 жылы бюджеті нақтылау отырысына ұсыныс енгізіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.