Мейірімді жүректен төгілген мейірім

Вторник, 14 Январь 2020 12:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 452 раз

Шымкенттік өнерлі жастың бірі Ақжол Ерман қоғамға көмек қолын созуды өзіне серік еткен ерікті. Студент жастың көздегені биік. Алға қойған мақсаттары айқын.

5000

 

Бос уақытында балалар үйі мен қарттар үйіне жиі баратын ол, өнерді ынталы азаматтарға тегін үйретуге дайын. Жас ерікті болашақта мүмкіндігі шектеулі балаларды қуантуға бағытталған мәдени іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап жүргенін айтады.

Ерікті бола жүріп мейірім, қамқорлық сынды құндылықтарды ерекше бағалауды үйренген азамат – қоғамның оң бағытта өзгергенін қалайды.

– Ерікті болу дегеніміз – қоғамға қажет екеніңді сезініп, адамдарға пайдаңды тигізу. Сол арқылы білімің мен икеміңді үнемі жетілдіріп отыру. Еріктілер деп кез келген істі өз еркімен, ешкімнің мəжбүрлеуінсіз, шын көңілмен атқаратын жандарды айтады. Қоғам арасында жүріп, еріктілікпен айналысқалы, көп дүниені түсініп, өмірлік тәжербие жинап жатырмын. Бір жанға көмек беру, жүрекке жылулық, көзге қуаныш, жанға тыныштық сыйлар асыл амалдардың бірі, – дейді Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжінің «Электроника және ақпараттық технология» факультетінің 3- курс студенті.

Өзгеге жақсылық істеу – адам табиғатына тəн нəрсе. Оның үстіне халқымыз қашанда кайырымдылықпен айналысқан. Бұл қасиет ұлт болмысының ажырамас құрамдас бөлігі болса керек-ті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.