Жігіттің түсін айтпа, ісін айт Избранное

Среда, 15 Январь 2020 03:44 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3197 раз

Шымкенттік Алдияр Жұмажанов – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ІІІ маусымының жеңімпазы. Жасы 26-да. Ақпараттық-коммуникация орталығында оның қатысуымен өткен баспасөз брифингінде Алдиярдың мобильді ойындар продюсері екенін білдік.

алдияр жумажанов

Топ жарған 32 қазақстандық жастың ішінде Шымкент қаласының мақтанышы – Алдияр Жұмажанов та бар. Алдияр 24228 дауыс жинап, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 2019 жылғы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан қазақстандық жастарының тізіміне мобильді ойындар жобасымен енген.

Ол соңғы екі жылда ең сәтті «Ұлы Сұлтан», «Түс шеберлері» секілді екі мобильді ойынды ойлап тапты. Қытай, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас Қытайдың Xiamen қаласында тұрып, Mechanist Games компаниясында істейді.

Қазіргі уақытта ежелгі қазақ елі туралы «Ұлы хан» атты әлемдегі алғашқы 3D мобильді ойынын әзірлеуде. Жеңімпаз жастың мобильді ойындардан бөлек «DamuMed»-ке ұқсайтын, бірақ, барлық қызметтері тегін әрі қолжетімді медициналық мобильді қосымшасы дайындалып жатқанға ұқсайды.

Game-of-Sultans-03

«Бұл ойын біздің мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, өмір салтымызды, тарихымызды әлемге танытады. Болашақта мен венчурлық инвестиция тартып, Қазақтандағы IT нарықты дамытуға үлес қосқым келеді. Бізде елге қызмет еткісі келетін дарынды жастар өте көп. Сонымен қатар IT мектеп ашу жоспарымда бар, себебі, біздің жастар білікті де білімді бағдарламаушы мамандармен тең болуы керек. Тек жергілікті деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейдегі мамандармен иық тірестіре алатындай болуы тиіс деп санаймын», - деді Алдияр Жұмажанов.

«Бұл базада ешқандай кезек болмайды. Медициналық сақтандыру бойынша барлық қызметке қол жеткізе аласыз. Сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға жол берілмейді», - дейді өзі. Оның айтуынша,
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы өте әділ өткен. Ешқандай тамыр-таныс, «әке-көкесіз», парақорлықсыз, шынайы таланттар топ жарған. Солардың арасында ең есте қалғаны – Қарағанды қаласында тұратын еліміздегі ең жас жаттықтырушы Иван Снегуров отандық ауыр атлетиканың жарқын үміті екенін айтады кейіпкеріміз.

Сала демекші, үздіктер арасында әртүрлі мамандық иелері бар: отбасынан жырақта ел тыныштығын қорып, бірі нәзік табиғатына қарамастан алып машина құрастырып, бірі өзіндік орны бар алпауыт компаниялардың басшысы қызметін атқарса, енді бірі ІТ саласында елеулі жетістіктерге жетіп, бірі бар ынтасы мен білімін ұстаздыққа арнаған. Әр жеңімпаздың жүріп өткен жолы өзінше бір тарих.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.