Шетелдік көліктерді тіркеу тәртібін білгіңіз келсе... Избранное

Пятница, 17 Январь 2020 03:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 141 раз

Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелдерден сатып алған және еліміздің аумағына әкелген автокөліктерін тіркеу жөніндегі мәселелерді түсіндіруде «Қауырт желі» телефонын іске қосты.

shutterstock 451849129-2

Сонымен бірге, 17-18 қаңтарда еліміздің барлық аумақтарында кезекті республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтеді. Акция аясында ішкі істер органдарының мамандары автокөліктерді тіркеудің тәртібін нақты түсіндіреді. Осындай кеңестерді полицияның фронт-офистерінен де алуға болады дейді, сала мамандары.

«Жолда қабылдау» шеңберінде айыппұлдар туралы ақпараттар алуға, полиция көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы білуге болады. Өздерінің кезек күттірмес сұрақтарын шешу үшін ешқандай бюрократтық кедергілерсіз тікелей әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция басшыларына жүгіне алады.

Шымкентте Әл-Фараби, Еңбекші аудандық Полиция басқармасының Фронт-кеңсесінде және 15 бекетте тұрғындар өздеріне қажетті ақпаратты алуына мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, колл-орталықтың
8-72-52-30-10-30 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Қазақстандықтарға Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06,
71 58 62 (демалыс күндерін қоспағанда түскі үзіліссіз 09:00-ден 19:00-ге дейін) телефондары бойынша кеңес беруге дайын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Мәдени астана мәйегі Бөдене – бизнес »