Версия для печати

МӘДЕНИ АСТАНА: 6 бағытты қамтитын тапсырма Избранное

Пятница, 24 Январь 2020 04:18 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3040 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен ТМД елдерінің мәдени астанасы іс-шараларын өткізу және дайындық жұмыстары бойынша мәжіліс өтті.

13131

Мәдени астана мәртебесін жоғары деңгейде атап өту үшін қала әкімдігі негізгі 6 бағытты қамтитын тапсырма-жоспарды бекітіп, бүгінде тиісті жұмыс басталып кетті.
Мәдени астана жылы ТМД елдері мен ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін айтқан қала басшысы осы арқылы қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін әлемге танытуға мүмкіндік мол екеніне тоқталып, іс-шараны жоғары деңгейде өткізу бойынша жауапты сала жетекшілеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Тапсырма-жоспарда салалық басқармаларға құрылыс, көлік инфрақұрылымы мен туристік инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және еріктілерді тарту арқылы медициналық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бағыттары қамтылған. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі және құқықтық тәртіпті, ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету мен әлеуметтік-мәдени қоғаммен байланыс іс-шараларын өткізу бойынша да нақты міндеттер көрсетілген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.