Айлық жалақысы өсті Избранное

Среда, 05 Февраль 2020 03:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1802 раз

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің басқарма төрайымы – ректор Анар Қайырбекованың шешімімен оқытушы-профессорлар құрамының айлық-жалақысы бюджеттен тыс қаржы есебінен 30 пайызға өсті.

333

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың білім беру сапасын арттыру және педагогтарды қолдау туралы тапсырмасына сәйкес орындалған бұл шешімді ұстаздар қауымы үлкен қуанышпен қарсы алды.

Университет ректоры оқытушылардың айлығының өсуі ғалымның қоғам алдындағы беделін арттырады деп есептейді.
Болашақ педагогтар даярланатын тарихы терең оқу ордасының оқытушы-профессорлары білім-ғылымды дамытуда аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларына оқытушыларының еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін арттыру міндетін жүктеген болатын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.