Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Жиынды Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай жүргізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деген болатын.
Жиында Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан әкімдері есеп берді. Аудан әкімдеріне Қоғамдық кеңес мүшелері сұрақ қойып, өз ұсыныстарын жеткізді. Қоғамдық кеңесте билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыру, азаматтық қоғамға қолдау көрсету мен оның әлеуетін нығайту мәселелері айтылды.