Үшінші мегаполисте ғұлама Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай салмағы 27 келі болатын кітап жарық көрді.
Көлемі мен салмағы жағынан еліміздегі ең алып кітапқа Абайдың қара сөздері жинақталған. 24 беттен тұратын кітаптың көлемі – 122 х 90 см.
Кітаптың тұсаукесер рәсімі Шымкенттегі №167/3 түзету мекемесінде өтті. Кешкі мектептің ұстаздар қауымы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, поэзиялық кеш ұйымдастырды. Әннен шашу шашып, өнерлерін ортаға салды.
Мектеп директоры Исақ Асанов алып кітап алдағы аптада Алматы қаласына, Қазақстан рекордтар кітабына тіркеуге жіберілетінін айтты.