Версия для печати

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды қабылдады

Среда, 26 Февраль 2020 10:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1724 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында болды.

Департамент басшысы А.Жұмағали мен оның орынбасарлары Т.Серікбаев, К.Қабылбеков азаматтарды қабылдап, мәселелелерін тыңдады. Тұрғындар көші-қон саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оралман куәлігін беру, алаяқтық фактілері және тағы да басқа сұрақтармен жүгінді.

Қабылдау барысында тұрғындарға құқықтық кеңестер беріліп, бірқатар мәселе Департамент басшысының жеке бақылауына алынды.

depart 1

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажеттігі туралы атап өтті. Осы орайда Шымкент қаласы бойынша департамент басшылығы күн сайын азаматтарды қабылдауда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.