36 терминал орнатылды Избранное

Пятница, 28 Февраль 2020 03:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1588 раз

Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өңірлік штабтың отырысы өтті.

МӘМС 7

Жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, қалалық әкімдік басқармаларының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында аймақтық штаб мүшелері жыл басынан бері жаңа жүйе бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, сақтандыру жүйесі аясында туындап жатқан мәселелер бойынша талдау жасап, шешу жолдары туралы ұсыныстарын білдірді.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтың айтуынша, медициналық ұйымдарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдер қабылдау үшін 38 терминал орнатылған. Соның нәтижесінде қала тұрғындары төлемді медициналық ұйымдардың өзінде жасай алады. Бұл тұрғындар үшін тиімді. Сондай-ақ қаланың шет аймағындағы тұрғындарға медициналық көмекті қолжетімді ету үшін қазір мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жұмыстар қолға алынып жатыр деді басқарма басшысы.

Штаб мүшелері бұған дейін екі күн ішінде қаладағы бірнеше медициналық ұйымды аралып шыққан болатын. Жұмыс тобы медициналық ұйымдардағы анықтамалық қызмет пен тіркеу бөлімі, қабылдау бөлімі, кадр және техникалық дайындық сынды сақтандыру аясында іске асып жатқан жұмыстар барысын көрді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында міндетті әлеуеметтік медициналық сақтандыру аясында халыққа 104 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның ішінде 72 мекемесі жекеменшік болса, 32-сі – мемлекеттік ұйымдар. Барлық медициналық мекемеде тіркеу бөлімі мен сақтандыру бойынша анықтама бұрышы жұмыс істейді.
Ресми мәлімет бойынша, қазіргі таңда Шымкентте 1 037 000 тұрғын бар. Оның ішінде 618 393 тұрғынға МӘМС жүйесі бойынша мемлекет тарапынан төлем жасалады.

А.СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.