Шымкент: 20 мыңнан астам тұрғын еgov.kz арқылы тіркелді

Пятница, 28 Февраль 2020 06:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1805 раз

Қазақстандықтар мекенжай бойынша тұрақты тіркеуге тұру үшін egov.kz қызметін жиі таңдай бастады. Былтыр 1,5 млн адам адам ХҚО, ал 479 мың адам онлайн тіркелген. Яғни, әр төртінші азамат тұрғылықты тіркеу рәсімін электронды түрде жүргізген.

 

Биылғы қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша онлайн тіркелгендер саны біршама өсіп, 63 мың азамат онлайн жүзеге асырған.

 

portal

 

Мысалы, Шымкент қаласында 2019н жылы 20 338 адам тұрақты мекенжайға онлайн тіркелсе, 1 155 адам egov.kz порталы арқылы уақытша тіркеуге тұрған.

Бүгінде мекенжай тіркеуін жасату үшін тіркеуге қоюшы және тіркелуші тараптың ЭЦҚ-сы болуы тиіс. Азамат egov.kz-ке тіркелетін мекенжай мен жеке мәліметтерін жазса, баспана иесі оған рұқсатты жеке кабинетіне келген сұрауды мақұлдау арқылы береді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.