Версия для печати

Еуроодақпен ынтымақтастық нығаймақ Избранное

Среда, 04 Март 2020 03:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1785 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Кеше Қазақстандағы Еуропалық Одақ Елшісі Свен-Олов Карлссон бастаған Еуропалық одаққа мүше 11 мемлекеттің Елшілер делегациясы Шымкент қаласына іссапармен келді.

WhatsApp Image 2020-03-03 at 14.55.55 1

Іссапар барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы әріптестікті дамыту жайын талқылап, ынтымақтастықты нығайтудың алдағы жоспарларын белгіледі.

– Біз Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуін, ілгерілеуін қалаймыз, сол үшін инфрақұрылымын жаңғырту, жетілдіру мәселесін барынша қолдауға әзірміз. Қазақстан нарығы заманауи тауарлар өндіретін, қызметтер көрсететін, технологиялар мен өндіріске ие еуроодақ компаниялар үшін инвестиция тұрғысынан жаңа мүмкіндіктер ашады. Әлбетте Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі әрі инвестициялық серіктесі. Біз осы жылдар аралығында Қазақстанмен жақсы іскерлік байланыстар орнаттық. Және бұл байланыстар одан әрі нығая береді деген үміттеміз, - деді Свен-Олов Карлссон.

Сапар аясында еуропалық дипломаттар қаламыздағы бірнеше кәсіпорында болып, жұмыстарын көрді. Сонымен қатар, шетелдік делегация Шымқаламыздағы азаматтық қоғам өкілдері және жастармен де кездесті. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өткен жүздесуде академиялық ұтқырлық, еуропалық университеттермен орнатылған ынтымақтастық және еуропалық білім беру бағдарламаларына қатысу мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде Елшілер университет студенттерімен Ambassadors Café әдісі бойынша бейресми кездесіп, Қазақстан-Еуроодақ ынтымақтастығының маңызды тұстары жайлы сөз қозғап, дипломатиялық, көшбасшылық тақырыптарында ой бөлісті.