Бүкіл әлемді шарпыған індет, өкінішке орай, Қазақстанды да айналып өтпеді.
Бұл соғыссыз майдан халықтың төзімі мен елдің бірлігін сынға салды.
Үнемі игі істердің басынан табылатын шымкенттік кәсіпкер – «Бал текстиль» ЖШС директоры Талғат Ысқақов коронавирус індетіне қарсы күреске 5 млн теңге аударып, өз үлесін қосты.
Қазақ кілемін бренд ретінде әлемге танытып жүрген кәсіпкер: «Бұл індетті жеңу үшін жұдырықтай жұмылып, ортақ мақсатқа күш біріктіруіміз қажет. Талай зобалаңды өткерген ұлы елдің ұрпағы ретінде бұл індетті де жеңеміз деп сенемін. Біз біргеміз», - дейді.