Версия для печати

ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ қалай беріледі? Избранное

Пятница, 03 Апрель 2020 06:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1970 раз
Оцените материал
(0 голосов)

зейнетакы брифинг

Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингке Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов, «Қазпошта» АҚ филиалы директоры Б.Ысқақ, «Халық банкінің» қалалық филиалы басшысының орынбасары А.Досымбекова қатысты.

Қала әкімінің орынбасары зейнетақылар мен жәрдемақылардың уақтылы берілетінін айтты. Шымкенттік 100 мыңнан астам зейнеткердің «Халық банкі» мен «Қазпошта» арқылы ай сайын зейнетақы алатынын жеткізді.
– Қала аумағындағы банк бөлімшелері штатты режимде таңғы 09:00 мен 18:00 аралығында тұрақты жұмыс істеуде. Зейнетақылардың алғашқы бөлігін аудардық. «Халық банкінің» 176 банкоматында қаржы жеткілікті, - деген А.Досымбекова ақшаны қолма қол алатын зейнеткерлерге қашықтықтан 7111 нөміріне хабарласу арқылы тегін зейнетақы карточкасын аштыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, банк бөлімшелерінде санитарлық нормалардың қатаң бақылауға алынғанын айтып, маскалық режим бойынша жұмыс істеліп жатқанын жеткізді.
Қалыптасқан жағдайға байланысты «Қазпошта» АҚ 35 филиалы жасы 65-тен асқан азаматтарға зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп бермек. Ол үшін пошта бөлімшелеріне телефон шалып, өтінім берсе, жеткілікті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.