ҚАРАТАУДА 6 МЫҢ ОТБАСЫ ТЕГІН АЗЫҚ-ТҮЛІК АЛАДЫ Избранное

Пятница, 03 Апрель 2020 06:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 247 раз

91907624 2491998301113121 478806424491655168 o

Қаратау ауданында 6 мыңнан астам мұқтаж отбасына тегін азық-түлік таратылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте аудан әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.

– Өздеріңізге белгілі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында тегін азық-түлік тек аз қамтамасыз етілген отбасыларға ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, көп балалы және асыраушысынан айырылған отбасыларға да берілетінін мәлімдеді.
Осыған орай, біз аудандағы аталған санаттарға жататын отбасылардың тізімін жасап шықтық. Әзірге тізімге 6 мың отбасы алынып отыр. Келесі аптаның басынан бастап тегін азық-түлік олардың үйіне жеткізіп беріледі. Егер тізімге ілінбей қалғандар мұқтаж жандар болса, олардың өтінішін де аяқсыз қалдырмаймыз, - деді Абзал
Шымкентбайұлы.
Аудан әкімінің айтуынша, бұл іске кәсіпкерлер де атсалысып жатыр. «Шымкент құс» компаниясы Қаратау ауданындағы аса мұқтаж отбасыларға 300 келі құс етін тегін таратқан. Сондай-ақ, аты-жөнін жарияламауды сұраған тағы бір кәсіпкер аудан тұрғындарына бір күнде әрқайсысы елу келілік 250 қап бірінші сұрыпты ұнды тегін үлестірген.

 

Шымкент қаласының
төтенше жағдай
жөніндегі штабы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.